БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ – БАСТЫ НАЗАРДА
Нақты кезеңде Жалағаш ауданның 9767 тұрғыны бұқаралық спортпен тұрақты айналысып келеді. Бұл жалпы тұрғындардың 27,1 пайызын құрап отыр. Биылғы жылдың I жартыжылдығында ауданда барлығы 70 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 10 144 аудан тұрғындары тартылды.
Ағымдағы жылы ұлттық және бұқаралық спортты дамытуға 23,3 млн. теңге қаржы бөлінді.
2018 жылдың I жартыжылдығының қорытындысымен аудан спортшылары халықаралық жарыстарда 2 алтын, 3 күміс, 5 қола, республикалық жарыстарда 7 алтын, 10 күміс, 12 қола медаль, облыстық жарыстарда 9 алтын, 8 күміс, 15 қола медаль жеңіп алды.
Олардың қатарында келесі жас спортшылардың есімдерін ерекше айтуға болады. Жеңісбек Жақсыбек дзюдо күресінен Қазақстан және Азия чемпионы, Қанзада Арайлым дзюдо және белбеу күресінен халықаралық турнирлердің төрт дүркін чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Тәттібай Дидар дзюдо күресінен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, әлем біріншілігіне қатысушы, Тынарбай Тілеген дзюдо күресінен халықаралық турнирдің қола жүлдегері, республика чемпионы, Оразбай Арайлым дзюдо күресінен Азия чемпионатының, халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, республика чемпионы атанды. Тоғызқұмалақтан Әбілда Қызжібек республика чемпионы, халықаралық турнилердің жеңімпазы, Айшыққан Рамазан халықаралық турнирдің қатысушысы, республика чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыстық бюджет есебінен жалпы құны 196,6 млн. теңгені құрайтын Мәдениет елді мекенінде спорттық кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.