МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ТЫНЫМСЫЗ ТІРЛІК
Бүгінгі таңда Қармақшы ауданында мәдениет саласы бойынша 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйі, 1 жыраулар үйі, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 18 кітапхана, барлығы 35 мекеме жұмыс жасайды.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың айтуынша, мәдениет саласында жыл басынан бері 903 мәдени шара өткізілген. Оның ішінде «Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі» МКҚК-нда 50 мәдени шара өткізілді, оған 13935 көрермен тартылған.
Осы жылдың мәдениет үйлері мен клубтардың ақылы қызмет бойынша жылдық жоспары 8353 мың теңге, 7 айдағы жоспары – 5347,4 мың теңге, 7 айдағы түсіргені – 4645,8 мың теңге немесе 86,9 пайызды құрады.
Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің 7 айлық жоспары 234 мың теңге болса, 7 айда түсіргені 248 мың теңге. Ал, Қармақшы аудандық жыраулар үйінің 7 айлық жоспары – 246,4 мың теңге болса, түсіргені – 255 мың теңге.