Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚҚҰМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ

АҚҚҰМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ


Қырман қазынаға толып, аймақтың берекесі артар мезгіл таяған сыңайлы. Күз келген бойда шаруашылықтар егінге орақ салып, Жер-ананың берген ырзық-несібесін жинап алудың қамына кірісті.
Алқаптағы егіннің шығысы да жаман емес. Аграрлық өңірдің еңбеккерлері өткен жылы бұл маусымды толағай табыспен аяқтаған болатын. Бұйыртса, осы дәстүр биыл да жалғасын тапқалы тұр.
Осы жылы ауданда бірінші болып егінге орақ салу рәсімін «Абзал и Ж» ЖШС бастады. Былтыр ғана құрылған серіктестіктің бүгінде шаруасы ширақ. 300 гектар алқаппен жұмысын бастаған серіктестік басшысы инженерлік жүйеден шығып қалған жерлерді қалыпқа келтіруде біраз қиындықтың кездескенін айтады. Бір жағынан су келетін каналдар тым биіктеп кеткен. Соның өзінде мұндағы күрішшілер өткен маусымда гектарынан 50 центнерден өнім алды.
Осындай олқылықтарды ескерген Жандарбек Төлегенов биыл жер көлемін ұлғайтып, шаруашылық жұмысын оңтайландыратын бірқатар жобаны қолға алған. Шіркейліден Қосөзек каналы арқылы су келетін 4 шақырым жерді қайта қалпына келтірді. Есесіне биыл судан тапшылық болған жоқ.
Шаруашылық басшысы биыл өзіне тиесілі 500 гектарға жуық алқаптың 400 гектарына Сырдың басты дақылын септі. Егістік тегіс күрішке тұнып тұр. Орақ салу рәсіміне жиналған ауыл ақсақалдары мен майталман мамандардың да көңілі шат-шадыман. Алдымен үлкендердің батасын алған серіктестік қызметкерлері егінге орақ салу рәсімін бастап та кетті.
Серіктестіктің сыртынан қараған адам былтыр ғана құрылды деп ойламайды. Техникаларының да 90 пайызы жаңа көліктер. Егін жинау науқанында қыруар іс тындыратын алып техникалары мен оны тізгіндеген майталман мамандарға сенім артылып отыр.
– Былтыр осы жұмысты қолға аларда әрі қарай алып кете алам ба деген күмән болды. Бірақ тәуекелге бел буып, осы саланы ілгеретемін деген мақсатыма жетуге кірістім. Алғашқы қадамым жаман болған жоқ. Сол жетістікті биыл еселетсем деп отырмын. Алдағы мақсат – жер көлемін ұлғайтып, шаруашылықтың ауқымын кеңейту. Бүгіннің өзінде 25 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Ойдағы жобалар жүзеге асса, олардың да қатары артады. Қазір кәсіппен айналысамын деген адамға да, бір салада еңбек етемін деген жанға да мемлекет тарапынан үлкен көмек бар. Біз сол қолдауды сезініп, өңір әлеуетін арттыруға атсалысуымыз керек, – дейді Жандарбек Төлегенов.
Шаруашылық төрағасының алға қойған мақсаты айқын. Алматы қаласында білім алған азамат алдағы уақытта ауылдың көркеюіне өз үлесін қосуға талаптанып отыр. Серіктестік жұмысы серпін алса, Аққұмға спорттық нысан салып беруді көздейді. Туған жерге тағзым етуді қалаған Жандарбектің талабына біз де сәттілік тіледік.
12 қыркүйек 2018 ж. 642 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области