Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАНҰЯЛЫҚ БЕНЕФИС «ОҚЫРМАН КӨШБАСШЫСЫ»

ЖАНҰЯЛЫҚ БЕНЕФИС «ОҚЫРМАН КӨШБАСШЫСЫ»


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Оқырман көшбасшысы» атты жанұялық бенефис өткізілді.
Балаларды жас кезінен кітап оқуға қызықтырып, отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға отбасы мүшелері қатысты.
Қатысушы отбасылардың құрамы, жас ерекшеліктері әр түрлі және қызығушылығы да әр бағытта. Бірақ барлығының басын кітапханаға және кітапқа деген құрмет, оқуға құштарлық біріктіруде. Нәтижесінде үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша «Оқырман көшбасшысы» номинациясымен Мұрат отбасы, «Үздік оқитын отбасы» номинацияларымен Райхан, Серік отбасылары, Жәлел, Ниетулла, Минайдаровтар отбасы арнайы дайындалған алғыс хаттармен марапатталды.
Ата-аналар рухани құндылығымыз – кітаптың маңыздылығы, оның тәрбиелік мәні жайлы пікір алмасып, бала өмірінде танымал жазушылардың шығармалары мен танымдық кітаптардың алатын орны жайлы ой бөлісті.
Шара соңында оқырмандар «Кітап – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесін тамашалап, жаңа әдебиеттермен танысты.





13 қыркүйек 2018 ж. 528 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области