Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫ: САНДАР СӨЙЛЕЙДІ

ҚАРМАҚШЫ: САНДАР СӨЙЛЕЙДІ


Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес, Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 25,1 мың адам. Бүгінгі таңда жұмыспен қамтылған халық саны – 23,8 мың адам. Оның ішінде жалдамалы қызметкерлері – 9,5 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 14,4 мың адам. Ал, жұмыссыз халық саны – 1,3 мыңды құрайды. Ауданда жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрап отыр. Жастар арасында жұмыссыздық деңгейі – 4,8%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі – 5,6%.
Бұл туралы аудан әкімі Сұлтан Мақашов брифингте айтып өтті.
2018 жылдың 7 айында жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 3 712 жұмыссыз адам (Байқоңыр қаласын қоса есептегенде) тіркеуге алынды. Осы жылдың 1 тамызына аудан бойынша есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны (Байқоңыр қаласын қоса есептегенде) – 964 адам, тіркелген жұмыссыздық үлесі 3,8 пайызды құрайды.
Биылғы жылдың 7 айында 1090 адам тұрақты және уақытша жұмысқа, оның ішінде тұрақты жұмысқа 748 адам орналастырылды (оның ішінде: мүгедек – 22 адам, жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар – 2, 16-29 жасқа дейінгі жастар – 244 адам. Бұл Байқоңыр қаласын қоса есептегенде.
Ауданда 6 мәрте «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Жұмыс берушілердің саны – 38, бос жұмыс орындар саны – 42.
2018 жылы аудан бойынша 775 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, ағымдағы жылдың 7 айында 614 жаңа жұмыс орындары ашылды.
13 қыркүйек 2018 ж. 731 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области