Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕДИАТОРЛАР БАС ҚОСТЫ

МЕДИАТОРЛАР БАС ҚОСТЫ


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми кітапханада Қазақстан халқы кәсіби емес медиаторларына арналған семинар-тренинг өтті.
«Медиация – рухани қатынастар құру алаңы» тақырыбындағы шараны «Согласие» Халықаралық медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторы, медиаторлар тренері Күлпаш Шалболова жүргізді.
Жалпы, бүгінгі заман талабына сай қолданысқан енгізіліп отырған медиация әдісі, яғни сот алаңынан тыс бітімгерлік шарасы біздің халқымызға әу бастан жат емес. Қазақ тарихындағы билердің тұсында ел ішіндегі дау-дамайдың барлығы бітімгерлік әдісімен әділ шешімін тауып, елдің бірлігі мен берекесі бұзылмаған.
Семинар тренері Күлпаш Жаниязқызы қатысушыларға Елбасы ұсынған рухани жаңғыру үлгісінің бір көрінісі – медиация әдісінің мән-мағынасы жайлы тарқата түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Бүгінгі таңда халықаралық деңгейдегі даулы мәселелерді шешуге араласып жүрген кәсіби медиатор 2011 жылдан бері 76 даулы мәселені медиация әдісімен қарап, оң шешім тапқанын айтты.
Семинар барысында кәсіби емес медиаторлар өздерін толғандырған көптеген сауалдарға жауап алды. Сонымен бірге, оларға арнайы сертификаттар табысталды.
13 қыркүйек 2018 ж. 800 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области