Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ – МҰРАТЫМЫЗ

РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ – МҰРАТЫМЫЗ


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында бірінші жартыжылдықта Шиелі ауданында 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 36 жоба жүзеге асырылды.
«Туған өлке», «Табиғат – алтын бесік» тақырыптарында сурет салудан аудандық байқау, «Таза көше», «Таза ауыл» жобалары аясында «Тазалықты жаны сүйер жастармыз!» атты шаралар өткізілді. Бұған қоса, «Жасыл ел» жастар ұйымы арқылы көркейту-көгалдандыру бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылуда.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті «Сәндік қолданбалы өнер» кафедрасының профессоры, Суретшілер одағының мүшесі Әбілқасым Сәрсенбаевтың «Тамыры терең туған жер» атты жеке шығармашылық көрмесі Шиелі халқының назарына ұсынылды. Салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген қазақ халқы рухани діңгегін ежелгі дәуірден бастау алған жыр-дастандардан үзген емес. Шиелі ауданында Нартай өнер мектебі ашылды. Оған жыршы Құрманбек Бекпейісов жетекшілік жасайды. Қазақ халқының рухани, мәдени, тарихи құндылығына бағаланатын дәстүрлі «Жыр керуені» жыршы-термешілердің облыстық фестивалі өткізілді.
Әзіл-сықақ театрларының «Мейірманның ізбасарлары» Республикалық байқауы жылма-жыл ұйымдастырылады. «Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік» атты облыстық тарихи-танымдық шарада Шиелі ауданынан жасақталған топ «Табысқа жеткен тұлғалар» атты жоба қорғап, «Ең үздік командалық топ» бағамымен марапатталды.
«Мен қазақпын» Республикалық мега-жобасының аудандық кезеңі ұйымдастырылып, танымал өнерпаздар қатысты. Сонымен қатар, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» базалық бағыты аясында өз елінің, туған жерінің тарихына, мәдениеті мен дәстүріне, мәдени мұрасына ден қойып, түрлі форматтағы ізденіс жұмыстары жүргізілуде.
Білім ұйымдарында «30 кітап» жобасы іске асырылып келеді. Сондай-ақ, туған аймақ, алтын ұя мектеп туралы базалық қор жинақтау мақсатында «Менің мектебімнің тарихы» атты бейнероликтер шеруі өткізілді.
Қазіргі таңда 5 түлек Ресей Федерациясы Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларының жоғары оқу орындарында инженерлік білім алуда. Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан білімді жастарды қолдау мақсатында бөлінетін облыс әкімінің грантымен жыл сайын 19 түлек білім алуда. Аталған жоба 2013 жылы бастау алған, негізінен облыс аумағына қажетті мамандықтар бойынша гранттар беріледі.
Отбасылық құндылықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында 2017 жылы Исламхановтар отбасы үздік деп танылса, осы жылы Ишанқұловтар отбасы жеңімпаз, Ахметовтер отбасы «Мәуелі бәйтерек», Есімсейітовтер отбасы «Өнерлі отбасы» бағамдарымен мадақталды.
Ауданда «Жас Ұлан» және «Достар әлемі» еріктілер жасағы құрылып, жалғыз басты қарттарға «Қамқорлық» акциялары ұйымдастырылып келеді. Еріктілер жасағымен 140-қа жуық отбасына, 114 мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылыққа қарсы жаңа жоба «Адал ұрпақ» ерікті жастар клубы құрылып, жұмысын жүйелі жүргізіп келеді.

Жібек БАЙМҰРАТОВА,
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
13 қыркүйек 2018 ж. 1 050 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области