Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ҚАРАЙ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ҚАРАЙ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ


Қазір құрылыс алаңында 662 адам жұмыс істеуде, жалпы құрылыс жұмыстарының 90%-ы аяқталған. Өндіріс орны 2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында зауыттың құрылыс жұмыстарымен танысып, Қытай Халық Республикасынан білім алып келген 17 жас маманмен кездесті.
Қазіргі таңда цемент өндіретін зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға аяқталған, ал өндіріс орнының болашақ қызметкерлері Қытайда білім алуда.
Естеріңізге салайық, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту үшін «Гежуба Шиелі Цемент" компаниясы Шиелі ауданындағы индустриалды колледждің түлектерін 46 адамды білім алуға әрі зауытта жұмыс істеуге даярлықтан өтуге жіберген болатын. Аймақ басшысы оқуын тәмамдап келген алғашқы 17 түлекпен кездесті. Қазіргі таңда екінші топпен оқитын 80 студент іріктеліп алынды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде зауытқа электр желісімен жабдықтау және темір жол салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен өнеркәсіптік аймаққа газ құбырын салу үшін қаражат бөлінді.
Естеріңізге салайық, Шиелідегі цемент өндіретін зауыттың жобалық қуаты жылына 1 млн. тоннаны құрайды. Жоба аясында 50 гектар жер телімі бөлінді, оның 46 гектары нақты зауыт құрылысы үшін, ал төрт гектарында қызметкерлерге арналған әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде.
Кәсіпорын өнімдері Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және ҚХР елдеріне жеткізілетін болады. Жобаны іске асыру үшін «DANAKE Корпорациясы» ЖШС және қытайлық компания «Gezhouba Group Cement Co. Ltd» аясында «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды.
Зауыт толық іске қосылған кезде өнеркәсіпте 220 тұрақты жұмыс орны құрылады.



18 қыркүйек 2018 ж. 586 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области