Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТЫҢ ӨРІСІ

ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТЫҢ ӨРІСІ


Шағын және орта бизнесті қолдап, дамыту мақсатында Шиелі кентінен индустриялық аймаққа 96 гектар жер бөлініп берілді. Осылайша, өндірістік аймақтан 6 бизнес жобаға 62 гектар жер телімі табысталды. Бұл туралы аудан әкімі Әшім Оразбекұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Айта кетейік, өткен 2017 жылдың соңында Шиелі кентіндегі индустриалды аймақтан жобалық құны 124 млн. теңгені құрайтын асфальт-бетон шығару зауыты іске қосылған болатын.
Қазіргі таңда индустриялдық аймақта орналасқын 6 жобаның екеуі іске қосылды. Олар – «Мия Шиелі» ЖШС және «Шиелі Жолшы» ЖШС. Олардың жобалық құны 736 млн. теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда мұнда тағы бір ірі жобаның құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл – «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-ның тампонажды цемент зауыты құрылысы. Цемент зауыты осы жылдың желтоқсан айында қорлданысқа беріледі деп күтілуде. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы жылына 1 млн тонна цемент. Айта кетейік, маңызды жоба Индустриалды инновациялық даму (ҮИИД) бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Оның жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайды.
Сонымен қатар, «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 1865+300-ші шақырымынан жеке кәсіпкер Б. Жүзкеновтің «С» санаты бойынша жобалық құны 100 млн. теңгені құрайтын сервистік қызмет көрсету кешенінің жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Қызмет көрсету кешенін жүзеге асыру үшін кәсіпкерге 5 гектар жер телімі берілді. Кәсіп иесі оның 4 гектарына алма бағын отырғызуды жоспарлап отыр.
06 қыркүйек 2018 ж. 608 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области