Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕСТІ ӨРКЕНДЕТКЕН

ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕСТІ ӨРКЕНДЕТКЕН


Нақты кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет зор қолдау көрсетуде. Бұл өз кезегінде шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетуге жол ашып отыр. Облыс тұрғындары осы мол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, бастаған кәсібін одан әрі дамытуға күш салуда. Сондай қарымды жанның бірі – жалағаштық Бақыт Төлеуханова.
Жалағаш кентіндегі «Ақбала» тігін цехы өз жұмысын осыдан 9 жыл бұрын бастады. Оған он саусағынан өнер тамған Бақыт басшылық жасайды. Аталған цез содан бергі уақытта аудандағы тұтынушылар талғамына сай жұмыс жасап келеді.
Әрине, өзінің жеке кәсібін бастаған адам оны әрі қарай кеңейтуге әрдайым да мүдделі болады. Бақыт Төлеуханова бастаған кәсібін одан әрі дамыту мақсатында 2012 жылы мемлекеттік бағдарламаның көмегіне жүгінді. Айта кетейік, ол сонау 2009 жылы «Ақбала» тігін цехын іске қоспас бұрын арнайы мамандықта білім алып, кәсіптің қыр-сырын меңгеріпті.
– Ойлап қарасаңыз, біздің көбіміздің тұтынатын бұйымдарымыз бен киіп жүрген киіміміздің басым бөлігі шет мемлекеттерден экспортталады. Қазіргі кезде кәсіпкерлер отандық өнімді нарыққа молынан шығара бастады. Біз де жергілікті өнімді өркендетуге өз үлесімізді қоссақ деген мақсат бар. Тұтынушы талғамынан шыға білгеннің нәтижесінде кәсіпті одан әрі дөңгелентуге мүмкіндік туды. Кәсіп ашқан жылдары мемлекеттік бағдарлама арқылы жылдық үстемесі төмен, жеңілдетілген несие алдық. Бүгінгі таңда сұранысқа сай жұмыс жасап келеміз, – дейді цех иесі.
Қазақ «Адам көркі – шүберек» дейді. Ою ойып, ұлттық нақышта безендірілген мұндағы киімдер көздің жауын алады. Қазіргі заман талабына сұранған сан алуан сән киімдері осы шебердің қолынан шыққан. Отағасы Сегізбай Қайнарбаев тігін машиналары мен өзге де тұрмыстық техникаларды жөндеумен айналысады. Үлгілі отбасында тәрбиеленген кәсіп иесінің балалары да қолөнерге жақын екен.
Заман талабына сай еңбек етіп, керек кәсіпті өркендетіп отырған жалағаштық отбасы алдағы отбаслық бизнесті әрі кеңейтуді көздеп отыр.
18 қыркүйек 2018 ж. 608 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области