Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚІРІМ – СҮР ЕТТІҢ СОРПАСЫ

АҚІРІМ – СҮР ЕТТІҢ СОРПАСЫ

Ақірім – өте жеңіл әрі тез арада дайындалатын сусын.
Асылған ет желініп болған соң артынан сорпа ішілетіні белгілі. “Ет етке, сорпа бетке” деп сорпаны бойға күш беретін құнарлы сұйық тағам ретінде ішсе, екінші жағы шөл қандырар сусын орнына да пайдаланған.
Әлбетте, сорпаның өзі түр-түрге бөлінеді. Соның бірі – сүр еттің сорпасынан жасалатын түрі Ақірім деп аталады. Ақірімді бабаларымыз сүр етті жеген соң шөл қандыруға арналған керемет сусын деп қабылдайтын.
Ақірім – өте жеңіл және тез арада дайындалатын сусын. Бүгінде ақірім, ақсорпа атауымен білгілі. Ақірімді дайындау қиын емес. Сүр еттің сорпасына айран, қатық немесе қымыз қосады. Ақірім ішу салты күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Мәселен, тойымды еттен кейін айран қосылған сорпаны ұсынады. Ақірімнің бір айырмашылығы ол суытылған сорпаға езілген қатық немесе құртты салып, суық күйінде жұтқан. Ақірімнің сүр еттің сорпасынан ғана жасалуы сорпаның майлы болмайтынын меңзейді. Сондықтан суық күйде де қолданылатын сусын өзінің керемет дәмін жоғалтпайды. Керісінше, суытылған ақірім нағыз шөл басатын, қарын аштырмайтын ішімдік.


18 қыркүйек 2018 ж. 1 085 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области