Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҰТЫНУШЫҒА КЕРЕК КЕҢЕС

ТҰТЫНУШЫҒА КЕРЕК КЕҢЕС

Тұтынушыға қарапайым сұрақ: сауда орындарында баға жазылған қағаздардың болмауы, сөредегі бағамен чектегі бағаның әр түрлі болуы, кем өлшеу және есептен жеу фактілерімен кездескен жағдайда не істеуге болады? Мұндай жағдайда жасайтын әрекетімізге қысқаша тоқталып өтсек. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Занының 24-бабында сатушы бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті деп атап көрсетілген.
Кем өлшеу, тараздан жеу, есептен жеу, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты тұтынушыларды жанылыстыру немесе өзгедей алдау, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 190-бабына сәйкес жаза көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын білу қажет.
Осы құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде тұтынушыға осындай істерді қарау және әкімшілік жауапкершілікке тарту құзыретіне кіретін ішкі істер органдарына жүгіну қажет.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті
және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті

23 қыркүйек 2018 ж. 675 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области