Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫН ТІЛІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ФОТОКӨРМЕСІ

ЛАТЫН ТІЛІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ФОТОКӨРМЕСІ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай музей қорындағы латын тілінде жарық көрген құжаттар, кітаптар мен жазбалардан фотокөрме өтті.
Бұған қоса, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай «Ұлтының ұлы ұстазы» атты «дөңгелек үстел» өтті. Оған №5 И.Панфилов атындағы мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Музей қонақтары алдымен «Тіл – тұмар, бір шынар» атты фотокөрмені тамашалады. «Дөңгелек үстел» барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармалары насихатталды. Ұлт қайраткерінің өнегелі өмірі мен қазақ тіліне қосқан үлесі жайында қаламыздағы №5 мектеп-лицейінің мұғалімі А.Сырғабаева тарқатып айтты.
Шараға мектеп оқушыларымен қатар қала тұрғындары және ЖОО студенттері мен ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру және ұлттар достығының үлгісін паш ету мақсатында өткен шара соңында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық-көпшілік бөлімінің меңгерушісі Эльзира Сағитжанова қатысушыларға риясыз алғысын білдірді.





24 қыркүйек 2018 ж. 587 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области