Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАЛ БАҚҚАНҒА БІТЕДІ

МАЛ БАҚҚАНҒА БІТЕДІ


Ақжар ауылына жолға шықтық. Жолбастаушымыз Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жағыпар Төлегенов мал тұқымын асылдандырудағы ең өзекті мәселелерді, бұл шаруаны қолға алғандардың кезігетін қиындықтарын жол бойы айтып келеді. Бағытымыз –  Моншақты асар маңына қоныс тепкен «Тиышбай» шаруа қожалығы. 
– Бүгінгі таңда Қармақшы ауданы бошынша 40-тан астам шаруашылық ірі қара бағып отыр.  Мал бағуға ниеттенген кәсіпкер азаматтарға оның тұқымын асылдандыру арқылы әдеттегіден молырақ табысқа жетуге болатынын түсіндіреміз. Тұқымды түрлендіру үшін уақыт создырмай аталықты ауыстырып отыру керек, - дейді сала маманы Жағыпар Төлегенов.  
Межелі жерге де жеттік. «Тиышбай» шаруа қожалығының басшысы Бақытжан Ержанов әңгімесін бастап кетті. Мал бағуды осыдан 3 жыл бұрын мықтап қолға алыпты. Ағайынды жігіттер өздеріне тиесілі жайылымдық жерді алып, жұмысты бастап кеткенде бұларға қосылып жұмыс істеуге талаптылар да табыла кетеді. Қожалыққа әкелері, Ақжар ауылының негізін қалаған, «Ленин» орденді Тиышбай Ешмұратовтың атын берді. Қазір 1000 гектарға жуық жайылымдық жері бар. Алғашқыда шаруашылықта 30 бас жылқы болса, бүгінде қылқұйрықтың басы екі есеге өскен. Ал, мүйізді ірі қара саны 70-ке жақындады.
– Былтыр ет бағытындағы қазақтың ақбас сиыры тұқымының 2 бұқасын әкелдік. Биыл  одан төл алдық. Енді бұқаны айырбастап, Қостанайдан ет бағытындағы жаңа тұқым алдыруды жоспарлап отырмын. Оған қоса жыл басында қазақтың жабы тұқымды жылқысынан 2 айғыр алып келдік. Енді биылғы төлдерді біртіндеп жемге байлаймыз. Негізі етті экспортқа шығарудың талаптарына бейімделіп келеміз, - дейді шаруашылық басшысы.
Нақты кезеңде мұнда 4 адам тұрақты, 7-8 адам маусымдық жұмыспен қамтылған. Мал азығын дайындау үшін бірнеше техника сатып алыпты. Шаруашылықтың малшыларға арнап салған көк шатырлы үйі халықаралық көлік дәлізі бойынан көзге түседі. Шаруашылық басшысы енді құс өсіру және алма бағын егу жоспарында барын айтып қалды.
Мал тұқымын асылдандыру, өнімін экспортқа шығару машақаты мол шаруа болғанымен, нәтижесі көңіл толтырып, табыс көбейтеді. Биыл Қаратау етегінде өткен дәстүрлі облыстық малшылар слетінде «Тиышбай» ШҚ төрағасы Б.Ержанов ірі қара мен жылқы тұқымын асылдандырғаны үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Еңбек елеусіз қалмайды деген осы.
Облыста агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020 жылға дейінгі агрокартасы жасалғаны мәлім. Онда ішкі нарықты молықтыру мен экспортқа өнім шығаруға негізделген екі бағыт бар. Агрокартаны жасау барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін тарату нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізілді.
Айта кетейік, көптеген жылдар бойы Қызылорда облысы мал етін экспортқа шығаруға тыйым салынған аймақтар қатарында болды. Соңғы жылдары мал шаруашылығын дамытудағы осы кедергі де жойылды. Бұл – төрт түлік мал өргізген малшы қауымының бастамаларына қолдау көрсету үшін жасалды. 
27 қыркүйек 2018 ж. 514 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области