Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІ КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА ДЕН ҚОЙДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІ КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА ДЕН ҚОЙДЫ


    Ақ күрішпен аты шыққан Қызылорда өңірінде ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруға басымдық беріліп отыр.
    Жыл сайын Сыр маржанынан рекорд жаңартатын аймақ суды аз қажет ететін майлы дақылдардың да көлемін көбейте бастады. Одан бөлек жекелеген шаруашылықтар күздік бидайдың өнімділігін арттыруға ден қойған. Қырманын астыққа толтырып, мақсарыдан май сыққан Ақмая ауылының да бүгінгі тірлігі түзу. Осыдан 3 жыл бұрын шаруасы шатқаяқтаған шаруашылық биылғы егін маусымында үздіктер қатарынан көрінді.
    Соңғы жылдары Сыр өңірінде күздік бидайдың көлемі өсіп, өнімі көбейгенін байқауға болады. Мәселен, өткен жылы бұл дақыл 2183 гектарды құраса, биыл мың гектарға артып отыр. Күздік бидай Қызылорда өңірінің оңтүстік аудандарында ғана егіледі. Ауа райы қолайлы Ақмая ауылында биыл аталған дақыл 330 гектарға себілді. Ресейдікімен бірге отандық сұрыптарды да аудандастырған шаруақожалық тұқым жаңартуға ерекше мән беріп отыр.
    Сәрсенбай Көбеген, агроном:
    – Біз өзіміздің шаруашылықта аудандастырылған күздік бидайдың «Стекловидный», «Красноводапад», «Наз» деген үш сұрпы егіліп жатыр ғой. Өнімді былтырғы жылы 20 центнерден, биыл да 20 центнерден келіп жатыр. Тұқым жақсы болмай, өнім жақсы болмайды ғой. Бізде 2-3 жыл егілгеннен кейін өзі бірінші репродукция болып келеді, 2-3 болғаннан кейін тұқымды қайтадан бірінші немесе элитасын алып қайтадан егеміз.
    Биыл ақмаялықтар аймақтың басты дақылы – күріштің әр гектарынан 71 центнерден айналдырған. Бұл – облыс бойынша үздік көрсеткіштердің бірі. Мол өнім алуға ауыспалы егіннің де әсері бар. Сондықтан мақсары егуді де дәстүрге айналдырыпты. Тіпті оның майын сығып, ауылдықтарға тегін үлестіреді екен. Соңғы жылдары ғана шаруасына шырай біткен шаруашылық ауылға әлеуметтік тұрғыдан да көмек беріп келеді.
     Дәулет Жұмбеков, шаруа қожалығының төрағасы:
    – Біз 10 мың руллондай шөп таратып беріп жатырмыз. Сосын 20 тоннадай ақ күріш беріп жатырмыз, 4 тоннадай май беріп жатырмыз. Сондай ауылдың жер үлескерлеріне жылда беріп тұрамыз. Жекеменшік-әріптестік есебінде ауылдың жастарына спорт кешенін салып беріп жатырмыз.
    Кенжетай Палмағанбетов, Ақмая ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
    – Бұрынғы осы шаруашылықтың жері кепілдікке банкіге қойылып кеткен еді. Ол соңғы 3 жылда қайтарылып, кепілдік алынып, қазір шаруашылықтың өзінің иелігінде. Міне содан бері жұмыста жаңғырып келе жатыр. Соңғы 3 жылдан бері ауылдың жағдайы жақсарып келе жатыр.
    Бүгінде жаңа спорт кешенінде 150 жас шынығып жүр. Болашақ бокс, күріс, таэквандо шеберлеріне барлық жағдай жасалған. Енді шаруалық ауылдан күріш ақтайтын зауыт салуды жоспарлап отыр. Жаңа өндіріс іске қосылса, ауылдың тағы 20 тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасатын болады.
    24.kz

13 қараша 2017 ж. 965 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области