Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАБЫСҚА БАҒЫТТАЛҒАН 8 ИДЕЯ

ТАБЫСҚА БАҒЫТТАЛҒАН 8 ИДЕЯ

Бүгінде Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде технологиялар бір орнында тұрмай, даму үстінде. Сонымен қатар, жасанды интеллект, роботтандыру үрдістері қарқынды жүзеге асырылып келеді. Бұл өз кезегінде бәсекеге қабілеттілік ұғымына айрықша мән береді. Осыған орай адамдар табысты болу жолында түрлі бағыттарды қолға алып, жаңашылдықтардың орын алуына атсалысып келеді.
Біздің кейіпкеріміз әлем бойынша миллиондаған адамдарды сәттілікке бастаумен қатар, оның өзі-өзі дамыту бағдарламалары қарапайым қызметкерден бастап әлемдік еңбек нарығындағы ірі алыптардың сұранысына ие болуда. Сонымен, ең танымал мотивациялық спикерлердің бірі де бірегейі Тони Роббинстің қандай ерекшелігі бар? Атақты бизнес-жаттықтырушының өмірлік қағидаларына көз жүгірту арқылы өзімізге қажетті жайттарды қарастырып көрейік.
Тони Роббинс дегеніміз кім? Ол - американдық жазушы, кәсіпкер, шабыт беруші сөз шешені, бизнес-жатттықтырушы. Тонидің кітаптары дүние жүзі бойынша ең көп сұранысқа ие туындылардың қатарына енген.
Сондай-ақ, Тони Роббинстің өзі-өзі дамыту бағдарламалары әлем чемпиондары, миллиардтаған табысқа ие кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие. 2007 жылы Forbes журналы кәсіпкерді «100 ең атақты адамдар» тізіміне енгізді.
Ол осындай табысқа қалай қол жеткізді? Тони Роббинстің ең басты қағидасы - барлығы бірінші мида жүзеге асырылады, кейін ақиқатқа айналады. Өмір жолыңызда өз қабілеттеріңізді анықтап, әлемге паш ету үшін бірқатар қадамдарды жасау қажет. Осының ішінде атақты сөз шешенінің 8 идеясы жайлы айтып өткен жөн.
1-идея: Физиология
Әр адам өмірінің бір кезеңінде іштей қарама-қайшылықтарға тап болады. Көңіл-күйіңіз төмендеп, жабырқаулы боласыз. Ойыңызда сан сауалдар туындайды. «Менің қолымнан ештеңе келмейді», «Менің жолым болмайды» және тағы осы сынды мәселелер мазалайды. Сізге осы жайт таныс па? Барлық әрекеттеріңіз бен шешімдеріңіз нәтижесіз қалады. Қарқынды жұмыс жасап жатқандай күйде боласыз, бірақ нәтижесі көрінбейді. Тони Роббинс осындай мәселенің алдын-алатын бірден-бір жайт физиология екендігіне сенімді. Сіз физиологияңызды ауыстыру арқылы өміріңізді алмастыра аласыз.
Сонымен, осы жолда қандай қадамдар жасалуы тиіс? Сізге ең қажетті дүниелер - спорт, кез-келген физикалық жүктемелер, салауатты өмір салты. Қозғалыссыз өмір болмайды. Сіз спортпен шұғылдану арқылы денеңізді бос сезіне аласыз. Кез-келген сындарға, күрделіліктерге, өзгерістерге дайын боласыз. Табысты болу үшін қайсар мінез бен қажырлы еңбек қажет.
Өз мүмкіндігіңізге қарап әрекеттеріңіздің стратегиясын әзірлеу үшін миыңыздың қабілетін толыққанды пайдаланыңыз. Сіз өмірден не алғыңыз келеді? Бұл нәтиже сізге қалай әсер етеді? Миыңызда аталмыш сауалдардың жауабын қарастырып көріңіз. Сезіне біліңіз. Алдағы әрекеттеріңіздің нақты бейнесін көре білген жағдайда шынайы өмірде жүзеге асыруға талпыныңыз.
2-идея: Күйзеліс пен кері ойлар
Мәселесіз адам болмайды. Жұмыста, отбасылық өмірде қандай да бір күрделеліктер мен қиындықтардың туындауы - заңдылық. Осындай сәтте тағдырымызға налып, өз-өзімізді аяуға бармыз. Достарымызға, не болмаса жақындарымызға шағымданып, өкініштерімізді айтамыз. Біз ойымызды қаумалаған кері ойлардан құтылуды қалаймыз.
Сонымен, бұл жолда не істеу керек? Сіз мәселені қалай қабылдайсыз? Қабылдау көзқарасыңызды өзгерту қажет. Әр мәселенің өзіне тән оң және кері тұстары болады. Аталмыш жайтты жан-жақты зерделеп, жақсы және жаман жақтарын талдаңыз. Тек бір жамандыққа бой берсеңіз, мазаңыздың қашары анық.
Және де күнделікті осындай келеңсіздікті болдырмау үшін таңертең оянғаннан кейін өзіңізді жақсы көңіл-күйге бейімдеңіз. Мәселен, сіз қабылдайтын әр шешім өзіңізге жайлы зонадан шығуға әкелуі мүмкін. Дегенмен, жоғалту қаупінен және қорқыныштан емес, өз ісіңізге, мақсатыңызға, бағдарыңызға деген шынайы сүйіспеншілікпен әрекет етіңіз. Әрқашан әр жолдың соңында сізді тек жақсы нәтиже мен шынайы қуаныш күтетінін ойлаңыз. Ал қазіргі іс-әрекеттеріңіз күтілетін нәтижеге әкеледі.
3-идея: Қоршаған орта
Сізге адамдар қалай әсер етеді? Жалпы, сіз өзіңіздің қоршаған ортаңызды жақсы танисыз ба? Олар сізді алға бастауға ынталандырады ма? Кейде табысқа қол жеткізу үшін жақсы адаммен танысу ғана қажет болады.
Айналаңызда сізге жақсы әсер ететін адамдар болуы тиіс. Олардың өмірлерінің қандай екенін, күндерін неге жұмсайтынын, қандай қасиеттерге ие екенін, қалай әрекет ететінін байқап көріңіз. Содан кейін өзіңіздің әл-аухатыңызды бағалаңыз. Дегенмен, сақ болыңыз: өзіңізді және өзіңіздің табысқа жету деңгейіңізді басқа адамдардың немесе компаниялардың нәтижелерімен салыстыруға болмайды. Бұл жол дұрыс бағдарды анықтауға кедергі келтіреді. Өз жетістеріңізді өз әл-аухатыңызбен және қабілеттеріңізбен салыстырыңыз. Нақты мүмкіндіктерге сүйене отырып, қалай әрекет етуге болатынын қарастырыңыз және жаңа жолдармен әрекет етуге қорықпаңыз.
4-идея: Көзбен елестету
Арманыңызды жүзеге асыру үшін не істеу қажет? Оны жан-жақты толыққанды елестетіп көріңіз. Қол жеткізген кезде қандай күйде болатыныңызды және қалай әрекет ететініңізді ойластырыңыз. Бұл сізге алып күш береді, сенімділік силайды, миыңызды дұрыс бағытқа бағдарлайды.
Ал бұл үшін отырып, ішіңізге терең дем алып, кейін ақырын шығарыңыз. Ойыңызда мақсатқа қол жеткізген сол сәтті елестетіңіз. Бірде-бір бөлшегін көзден тыс қалдырмай, түсіне, не болмаса көлеміне, әсеріне дейін ұмытпаңыз. Сол кездегі сезімдеріңізді ішіңізге түйіп алыңыз. Бұл сізге болашақта қолғабыс болары хақ.
5-идея: Прайминг
Сіздің сезімдеріңіз іс-әрекеттеріңізге әсер етеді. Яғни, не күшті, не осал боласыз. Бұл - белгілі жайт. Осы орайда Тони Роббинс прайминг әдісін қолдануды ұсынады. Яғни, прайминг - алғыс айту арқылы миды дұрыс жолға қоюға әсер ететін техника. Бұл әдіс сіздің көңіл-күйіңіздің өзгеруіне мүмкіндік береді. Бұл жаттығуды күнде таңертең жасап отыруға тырысыңыз.
Йогада Капалабхати деп аталатын дем алу техникасын қолданыңыз. Жайлы орынға жайғасып, арқаңызды тік ұстаңыз. Иықтарыңызды босатыңыз. Ақырын ғана дем алып, дем шығарыңыз. Дем шыққан сәтте қалған ауаны лезде шығарып тастау үшін іш бұлшық етіңізді тез және қатты қысыңыз. Ішіңізді омыртқаңызға қарай тартыңыз. Дем шығару қатты және қуатты болуы тиіс. Үш рет жасаңыз. Кеудеңізді ашып, қанға оттегі жіберу үшін қолдарыңызбен көмектесіңіз. Тағы 2 рет жасаңыз. Кейін алақандарыңызды аяғыңызға қойып, тағдырыңызға ең көп алғыс айтатын сәтті еске түсіріңіз. Осы алғыстың қуаты бар бойыңызға тарасын.
Көз алдыңызға күн сәулесі бетіңізден денеңізге қарай тарап, жерге еніп жатқанын елестетіңіз. Жарық сәуле сіздің бойыңыздағы барлық теріс қуатты жерге сіңіруде. Қолдарыңызды жоғары көтеріп, бойыңызда шоғырланған алғыс сезімін сезініңіз. Күніңізді алғыс айтумен бастау арқылы бойыңызға жаңа қуат пен жаңа леп бересіз.
6-идея: Іс-әрекет
Сіздің мақсатыңыз айқын секілді ме? Күнделікті мақсатыңызды елестетесіз бе? Дегенмен, нәтижесі көрінбейді. Неге? Сіз ешқандай әрекет етпесеңіз, мақсатыңыз арман болып қала береді.
Өміріңізді жақсы жақтарға өзгертетін ең маңызды қадамдар бүгіннен бастау алады. Өз ағзаңызды сақтаңыз: спорт, пайдалы азық-түлік, ағзаның тазаруы.
Жақын аптаға, айға, жылға өз әрекеттеріңіздің жоспарын әзірлеңіз. Сіз бұл жоспардағы тізімдерді кез-келген уақытта түзете аласыз, дегенмен жалпы жоспар болуы тиіс.
Сізді арманыңызға жақындататын іс-әрекеттер көрсетілген жеке тізім жасаңыз.
Күн сайын осы тізімнен кем дегенде бір әрекетті жүзеге асырып отырыңыз.
Көп жұмысты атқаруды ойламаңыз. Әр ісіңіз жемісті, нәтижелі болсын. Егер шаршап қалсаңыз, іс-әрекеттеріңізді қалай оңтайландыруға болатынын ойластырыңыз.
7-идея: Қуат
Ағза жаңа жүктемелерге үйреніп қалады және оны қалыпты деп қабылдайтын болады. Дәл осы сәтте сіз табысқа жету жолыңыздағы алғашқы жемісіңізге қол жеткізесіз.
Мақсатыңызға қол жеткізетін жаңа әрекеттерді жүзеге асыру арқылы сіз өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін. Әдеттегі жайттардан мүлдем өзге болғандықтан, сізге қиындау болады. Дегенмен, егер де таңдалған бағдарыңыз дұрыс болса, көп ұзамай сіз қуатыңыздың асқанын сезесіз, нақты нәтижесіне көз жеткізесіз. Міне, осы сәттен кейін сізге тоқтау қиын болады. Бұл жайт спортшыларға жақсы таныс болар. Себебі, бұлшық еттер күнделікті жаттықтыруларсыз спортзалға баруды талап ететін болады. Әрине, сіз демаласыз. Бірақ, сол сәттің өзінде бұрынғы қалпыңыздан жоғары асып кеткеніңізді анық сезінетін боласыз.
8-идея: Қорқыныш
Тони Роббинстің семинарының тағы бір ерекше тұсы - тұтанған көмірдің үстімен жүру. Көмір мен алғашқы қадам - бұл ішкі қорқыныштарыңызды, қауіптеріңізді жеңу белгісі болып табылады. Бұрыннан бері айтылып келетін бір ақиқатқа келер болсақ, біз әрекет етпейміз, тек қорқыныштарымыздың салдарынан идеяларды жүзеге асырамыз. Біз ұятқа қалуға, жеңіліс көруге, ақымақ ретінде көрінуге қорқамыз. Дегенмен, қорқыныштың өзі күш екенін түсіне білу маңызды.
Қорқынышты жеңу үшін не істеу керек? Әрекет ету қажет. Алғашқы қадам жасалуы қажет. Егер де тұтанған көмірден өте алсаңыз, сіздің қолыңыздан барлығы келеді. Өз қорқынышыңызды жеңу арқылы сіз іштей мықты боласыз. Қайрала беріңіз.
Өзіңіздің алғашқы қадамыңызды елестетіп көріңіз. Ең қиыны - бастау, белгісіз жолға аяқ басу. Кішкентай кезде бала енді ғана жүре бастайтын сәтті есіңізге түсіріп көріңізші. Сәбиде құлап қалу немесе ұятты болу секілді кері ойлар туындамайды. Ол өзінің алдындағы мақсатты, яғни анасының алақандарын көреді де, жүріп кетеді. Сіз де екінші және үшінші қадам жасағаннан кейін, алғашқы қадам жасау қиын еместігін түсінесіз. Артқа қарап, қолыңыздан көп нәрсе келетініне сеніміңіз оянып, беки түседі.
Тони Роббинстің шоуы мен оның идеялары сезімдермен жұмыс істеуге бағытталған. Оның семинарлары өміріндегі жайттармен және өзге ұлы адамдардың тағдырына қатысты мысалдарға толы. Оның балалық шағы, тұрған үйі мен өмір сүру шарттары қиындықтарға толы, ал анасымен қарым-қатынасы дұрыс болмаса да, Тони ешқашан мойыған емес. 60 жасқа таяу болса да, ол әлі де жас көрінеді және 12 сағат бойы он мыңдаған тыңдаушылардың назарын өзіңе ғана аударумен болады.
Оның мақсаты - адамдарды өзі-өзі дамытуға талпындыру, бәріне белгілі, бірақ ешкім қолдана қоймайтын ақиқаттарды жеткізу. Қорықпа! Тек баста! Жеңілістің де жақсы тұстары бар! Талпын!
Сіздің өміріңізге әсер ететін шешім - жаңа әрекет жасауға талпындыратын бағдар. Әрекет жасамасаңыз, демек шешім де қабылдай алмадыңыз. Не істеу қажеттігін білмейсіз бе? Өзіңіз білетін іс-әрекетті жүзеге асырыңыз.
Егер де өміріңізді басқаруды үйренгіңіз келсе, күнделікті істеріңізді бақылаудан бастау алыңыз. Біздің өмірімізге күнделікті әрекеттеріміз әсер етеді.
Негізінде өз арманына қол жеткізуді қаламайтын адамдар болмайды. Дегенмен, олардың мақсаты көңілдеріне серпін бере алмайды. Ал бұл қуатсыз арманымыздың нәтижеге айналуы екіталай.

30 қыркүйек 2018 ж. 608 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области