Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МУЗЕЙДЕГІ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР

МУЗЕЙДЕГІ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР


Шиелі ауданындағы Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі қорында осы дақылдан рекордтық өнім алған дала академигі туралы сыр шертетін мыңнан аса құнды жәдігер сақтаулы.
Нақтырақ айтсақ, ауылдағы музейде 10312 экспонат бар, оның негізгісі- 6545, көмекші қордағысы – 3767 екен. Музей директоры Құттықыз Ыханованың айтуынша, қазіргі кезде музей қызметінде жаңа ақпараттық-технологиялардың маңызы өте зор. Осыған байланысты интернетке қосылған комьютер жүйесі, «Музеолог» бағдарламасы жүйелі түрде жұмыс жасауда.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, музей экспонаттарының көбі дән атасының ұстап-тұтынған заттары, құжаттары, тарихи суреттер.
Солардың бірі – Ыбырай атаның өзі пайдаланған ер-тұрманы. Құттықыз Шайыққызының айтуынша, бұл құранды ерді Ы.Жақаев өзі арнайы жасатқан.
Қос жұлдызды Ыбырай Жақаев 1981 жылы қыркүйек айында өмірден өтті. Ал 1982 жылы даңғайыр диқанның 90 жылдығына орай өзі тұрған үйінен музей ашылады. Атанаың ұрпақтары оның барлық заттарын осы музейге өткізген.
Бұл ер де солармен бірге тапсырылып, бүгінде көрме залының төрінен орын алған құнды жәдігердің бірі.
28 қыркүйек 2018 ж. 727 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области