ӘРІПТЕСІМІЗ ОТБАСЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен өткен "Отан отбасынан басталады" атты отбасылар байқауында сырдариялық отбасы жеңімпазы атанды.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қалыптастыруда отбасының рөлін нығайту, отбасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау жəне отбасыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға ынталандыру мақсатында өткізілген байқауға аймағымыздан 10 отбасы қатысып, байқау талаптарына сәйкес өз өлеңдерін ұсынған. Аталған байқау қорытындысына арналған іс-шара облыс орталығындағы Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті.
– Саяси партия, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған облыстық деңгейдегі арнайы комиссия шешімімен "Біз əулетпен жемқорлыққа қарсымыз" атты өлеңімен Сырдария ауданының атынан қатысқан аудан әкімінің баспасөз хатшысы – аудан әкімі аппаратының аударма ісі жөніндегі редакторы Ақтөре Ибрагимұлы байқау жеңімпазы деп танылды. Жалпы, байқауға келіп-түскен шығармашылық жұмыстардың үздігін анықтауда өлеңдердің мәніне, мазмұнына басымдық берілді. Департамент алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қалыптастыруда отбасының рөлін нығайту мақсатында ауқымды іс-шаралар ұйымдастыратын болады, - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Ізкенов.
Айта кетейік, отбасылық байқауды қорытындылауға арналған ішараға бауқауға белсенді жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен ақпарат құралдары өкілдері қатысты.