Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫДА КӨШЕ КІТАПХАНАСЫ АШЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА КӨШЕ КІТАПХАНАСЫ АШЫЛДЫ


Кітап – алтын қазына. Кітап оқу – ақпарат ғасырында да өзінің маңызын жоймайтын құндылықтардың бірі. Осы орайда Қазалы аудандық орталық кітапханасы "Көше кітапханасы" атты қанатқақты жобаны қолға алып отыр. Аудандар арасынан алғашқы болып ашылып жатқан көше кітапханасы кітапқа құмар оқырманның қуанышын еселей түскені анық.
Көше кітапханасының ашылу салтанатына аудан әкімі М.Ергешбаев барып, алғашқы оқырмандарының бірі болды. Игі істі ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдірген аудан басшысы кітап оқу заман талабы екенін баса айтып өтті. Кітапханаға еңбек ардагері Мұңсызбай Әубәкіров өз кітапханасынан кітабын тарту етті.
Кітаптар сөресі Әйтеке би көшесіндегі кенттік клуб жанына орналастырылған. Әзірге аудан орталығында үш көше кітапханасы жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта оқырманның сұранысына орай кітапхана санын көбейту жоспарда бар. Осылайша кітапхана қызметкерлері тұрғындардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықтарын арттыруды көздейді. Көше кітапханасының ерекшелігі - кез келген тұрғын өзіне ұнаған кітапты оқуға ала алады және кітап қорын толтыруға болады.



02 қазан 2018 ж. 873 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области