Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ПЫСЫҚТАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ПЫСЫҚТАДЫ


Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күші ретінде бағалап, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиістігін және азаматтар мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз қажеттігін айтқан болатын. Кәсіпкерлікті күшейтудің маңыздылығын Елбасы өзінің дәстүрлі Жолдаулары мен Үндеулерінен және барлық Бағдарламаларынан тыс қалдырмай келеді. Биылғы бес әлеуметтік бастамасының бір бағытын «Шағын несие беруді көбейтуге» арнауы, өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жасалып отырған мүмкіндік.
Кәсіпкерлер үйінде өткен жиында қызылордалық коалиция өкілдері осы бағыттағы жұмыстарды пысықтады.
Жалпы өңірде 2018 жыл «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жылы болып жарияланған. Және ол Елбасы бастамасын жүзеге асыру аясында жүргізілуде. Жақында облыс әкімі бастамасымен жаппай кәсіпкерлікті дамыту 1 жылдан 3 жылға ұзартылған.Ағымдағы жылы облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер 11%-ға көбейіп, аталған көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы аймақтар арасында көш бастап тұр,- деді жиынды жүргізіп отырған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.
02 қазан 2018 ж. 412 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области