Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТӨРТ ТҮЛІГІН ТҮЛЕТКЕН

ТӨРТ ТҮЛІГІН ТҮЛЕТКЕН


Ата кәсіпті серік еткен Қазалы ауданына қарасты Бозкөл ауылының тұрғыны Әбдуали Өтеулиев төрт жыл бұрын шаруа қожалығын ашқан болатын. Оны «Әлихан» деп атаған ол, қазіргі кезде 500 гектар жерге иелік етеді. Бозкөл ауылынан 7-8 шақырым қашықтықта «Қайық жол» учаскесінде орналасқан ферма маңына жаңадан үй тұрғызып, малшыларға бар жағдай жасаған. Электр қуатын үздіксіз қолдану мақсатында арнайы мотор құрған, ауыз су мәселесін де шешіпті. Жаңалықтардан құр қалмасын деген оймен теледидарды әкеп қойған.
Бүгінде жұмыспен қамтылған екі адам отбасымен бірге 2 асыл тұқымды бұқа мен 60 бас сиыр және 40 бас бұзаудың санын көбейтіп, асылдандыруға атсалысуда.
Әбдуалидің айтуынша, осы жыл берекеге толы болды. Олай дейтіні – биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша «Бизнес бастауды» бір ай оқып, «Ауылды қаржылай қолдау қорынан» 6 пайызбен 2,5 миллион теңге несиеге қолжеткізді. Бұл қаражатқа 9 бас жылқы сатып алды.
«Қазір кәсіппен айналысамын дегенге барлық мүмкіндік қарастырылған. Тек шынайы ықылас пен төзімділік қажет. Жан-жаққа жүгіріп, құжат дайындау жүйкені тоздырады. Дегенмен, уақытша кедергілерге шыдап, жарты жолдан тоқтамай, сенімін күшейтсе, бәріне де қол жеткізуге болады. Қай кәсіп болмасын өз жемісін уақыт өте береді. Ол үшін күн-түн демей еңбек ету керек.
Өткен жылы мүйізді ірі қараны асылдандыру мақсатында өз қаражатымнан Аралдан «Ақбас» тұқымынан 2 бұқа әкелдім. Тәубе, оның берекесін көрудемін. Соның арқасында мемлекет тарапынан 900 мың теңге субсидия алдым. Биыл да 1 миллион субсидия шығып, малға жем-шөп түсірдім. Қорамда 1 асылтұқымды сиырды байлап бағып отырмын. Күніге 10-12 литр сүт береді. Одан табиғи өнімдер айран, құрт, ірімшік жасап жейміз. Егер сиырға нан қосып, күнжара беріп баптасаң, 20 литрге дейін ағарған бере алады. Малдарыма ауру-сырқаудың алдын алуда уақытылы екпе егіліп тұр», – дейді Ә.Жұбатқанұлы.
Кәсіпкердің жоспары да жоқ емес. Ол алдағы уақытта жылқы санын көбейтуді көздеп отыр. Мүйізді ірі қараны асылдандырып, мал бордақылауды жүзеге асырғысы келеді. Шаруа қожалығына техника алып, өз-өзін шөппен қамтамасыз ету – басты мақсаты. Ал артылып жатса, халыққа ұсыну жолдарын да қарастыруға болады. Сондай-ақ, несиемен күннен қуаттанатын батарея мен шабындық жер алу ойында бар.
03 қазан 2018 ж. 493 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области