Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗДІ

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗДІ

Қала тұрғындарының ұсыныстары бойынша мотокөлік жүргізушілерінің тарапынан болатын Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мен ескерту, мотокөліктердің қатысуымен орын алатын жол апаттарының алдын алу мақсатында Қызылорда ҚІІБ-ның Жергілікті полиция қызметінің басшылары «Мотоқауымдастығы қоғамдық қоры ҚҚ» мүшелерімен кездесті.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметінің хабарлауынша өткізілген кездесу барысында Қызылорда қаласының «Мотоқауымдастығы қоғамдық қорының ҚК» төрағасы Дәулет Әбенов аталған қауымдастықтың 2017 жылдың сәуір айынан бастап ашылғандығы, барлығы 25-тен аса мотокөлік жүргізушілері есепте тұратындығы, ол қауымдастыққа тек тәжірибелі жүргізушілердің іріктеліп алынатындығы және де қала орталығында көшелерде, автожолдарда жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын бұлжытпай орындалулары жөнінде түсіндірме жұмыстарын күнделікті өткізіліп отыратындығы туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласында мотоқауымдастыққа қатысы жоқ мотокөлік жүргізушілерімен де профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.
Аталған жиын барысында Қызылорда ҚІІБ-ның Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Руслан Шағырбай жол қозғалыс ережелері талаптарының қатаң сақталуын, оның ішінде ең бастысы көлік құралының жылдамдығын арттырмау қажеттігін ескертті.


06 қазан 2018 ж. 636 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области