Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮЗДІК ҰСТАЗҒА АВТОКӨЛІК ТАБЫС ЕТІЛДІ

ҮЗДІК ҰСТАЗҒА АВТОКӨЛІК ТАБЫС ЕТІЛДІ


Арал ауданындағы мұғалімдер мәртебесін көтеру мақсатында аудан әкімі тарапынан биыл 5 мәрте үздіксіз пән олимпиадасы ұйымдастырылды.
Биылғы оқу жылында дәстүрлі олимпиада физика пәні мұғалімдерінің арасында өткізілді. Ауданнан 63 мұғалім қатысып, II турға 13 мұғалім өткен болатын.
Аудан орталығында олимпиада қорытындысы жарияланып жеңімпаз атанған және жүлдегер ұстаздар марапатталды.
Жүлдегер атанған барша ұстаздарға арнайы сыйақы табыс етілді. Ал бас жүлде иеленген №14 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Елена Сарсенбаеваға автокөлік кілті табысталды.
Айта кетейік, пән олимпиадасының жеңімпазын жеңіл автокөлікпен қамтуға Ақтөбе өңіріндегі жерлесіміз, «Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің иегері, «Қыдыр ата» атымен халық арасында кеңінен танымал меценат Жанарыс Еңсепов демеушілік жасады.




08 қазан 2018 ж. 565 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области