ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАЛАҢТӨС БАХАДҮР» АЛЛЕЯСЫ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында жаңғыртылған «Жалаңтөс батыр» аллеясының ашылуы мен мерекелік концерт өтті. Қазалы ауданы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанындағы аллеясын жаңғыртып, таныстырылымын ұйымдастырды.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев аллеяны қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, Қазалы ауданының тұрғындарымен кездесті.
3 га аумаққа брусчатка төселіп, Жалаңтөс батыр ескерткіші аумағында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, ротондар мен шағын архитектуралық нысандар орнатылды. Жаңғырту жұмыстары демеушілердің көмегімен жүргізілген.
Еске сала кетейік, Жалаңтөс бахадүр ескерткіші 2010 жылы қыркүйек айында қойылған болатын. Ескерткішті жаңғырту жұмыстары 20 қыркүйекте басталды.
Сондай-ақ, сол күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық Мәдениет үйінде Қазалы ауданы өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының концерті өтті. Онда қазақтың халық әндері, ұлттық билері, әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды.