ҰСТАЗДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Қызылорда қаласы Мәслихатының мәжіліс залында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ұстаздар қауымын құттықтап, оларға Қызылорданың 200 жылдығына арналған "Мерейтойлық медальді" табыстады. Облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі мамандары, ардагер ұстаздар және белсенді білікті мұғалімдердің барлығына құрмет көрсетілді.
Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы өзінің құттықтау сөзінде білім саласындағы жетістіктердің жыл сайын жоғарылап келе жатқанын атап өтті. Мәселен, Биылғы жылдың өзінде қаланың білім саласын қамтамасыз етуге 21 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген.
- Жыл сайын қала бюджетінің 45-50 пайызын білім саласына бағытталып келеді. Нәтижесінде қаладағы 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 100 пайызға орындалды. Білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу бағдарламасы бойынша қаладағы барлық мектептер 100 пайызға қамтылды. Ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау біздің парызымыз. Қызылорданың биылғы 200 жылдығында ең көп медаль алып жатқан осы білім саласының мамандары. Себебі Сіздер барлық марапатқа лайықсыздар, - деді Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев