Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ТАРИХШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТАРИХШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ


Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында өтетін «Сыр өңірі ежелгі заманнан бүгінге дейін» тақырыбында тарихшылар слеті өтті.
Слеттің негізгі мақсаты – «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, мектептерде «Өлкетану» пәнін енгізу, оны оқытудың негізгі мәселелері төңірегінде және алғашқы астана саналатын Қызылорда қаласының көне замандардан бүгінге дейінгі тарихы туралы мәселелерді талдау болып табылады.
Шарада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор, тарих ғылымдарының докторы Т.Я.Сәтбай «Өлкетану – Отандық тарихтың құрамдас бөлігі», Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мекемесінің ғылыми қызметкері Еркебұлан Елеуов «Сыр өңіріндегі кесенелер мен мұнаралы ескерткіштер», «Археология, этнография ғылыми-зерттеу» орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Тәжекеев «Ортағасырлық Сортөбе (Ордазы) қалашығындағы археологиялық зерттеулер» Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Еңлік Баймырзаева «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын жүзеге асырудағы музейлердің рөлі», Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев «Сыр өңірі тарихы көркем шығармаларда» тақырыбында баяндама жасады.
Слет жұмысына облыстағы, қаладағы, аудандағы білім мекемелерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен білім алушылары қатысты.



18 қазан 2018 ж. 632 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области