Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЛТЫ АЛАШТЫҢ ШАЙЫРЫ

АЛТЫ АЛАШТЫҢ ШАЙЫРЫ


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы өткеннің өнегесін ұмытпауға, тарихтың тәлімін ұлықтауға үндейді. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді насихаттаумен қатар елі үшін еңбек етіп, артына үлгі болар іс қалдырған азаматтарды бүгінгі буынға үлгі етуге шақырады. Халыққа үлгі боларлық артында өшпестей ісімен, сөзімен аты қалған бабаларымыз аз емес. Тек олардың өмірі мен өнегесін зерттеп кейінгі ұрпаққа жазып қалдыру керек. Қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында 1878 жылы Омар Шораяқұлы дүниеге келген екен. Биыл атақты шайырдың туғанына 140 жыл толып отыр.
Осыған орай облыстық Ардагерлер үйінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Сөйле, тілім, жосылып» атты жыр кеші өтті.
Шайырдың танымал шығармаларымен қатар басқа да сүлейлердің жыр-толғауларын Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің студенттері орындады.
Өлең жазуды 16 жасынан машық ете бастаған ақынның көптеген толғау, терме, өсиет, мысалдарымен қатар, он бестен аса көлемді дастандары бар. Олар «Жарлы Тәліп», «Қара шекпен», «Әбу Шаһыма», «Һақ Сүлеймен», «Мағауия», «Мұхаммад», «Үш күлше» және т. б. хикая, дастандары. «Һақ Сүлеймен» дастаны жетпіс тоғыз (79) бөлімнен тұрады. Бұл шығарма өте көлемді шығармалардың бірі. Ғасырдан қойнауынан біздің заманға өшпей жеткен жыр-термелеріміз, мәдени мұраларымыз бірегей ұлттық мүддеміз, қазақтығымыздың жарқын сипаты іспетті.
Шара соңында ардагерлерге «Атадан қалған асыл сөз» атты кітап көрмесі таныстырылды.
19 қазан 2018 ж. 480 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области