Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ЖЫР АТАСЫ – ТҰРЫМБЕТ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ

«ЖЫР АТАСЫ – ТҰРЫМБЕТ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер бөлімі облыстық Ардагерлер үйінде Сыр бойының атақты жырауы Тұрымбет Салқынбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Жыр атасы – Тұрымбет» атты кеш ұйымдастырды.
Кештің мақсаты – Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жыраулық поэзияда өзіндік орны бар халық ақындары мен жыршы-жыраулардың шығармашылық жолын насихаттау.
Әрі жырау, әрі ақын Тұрымбет Салқынбайұлының есімі тек Сыр бойына ғана емес, талай жерлерге мәшһүр болған. Ол 1868 жылы бұрынғы Қазалы уезі, Жамансыр болысы, №3 ауылда кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
Сыр бойы, Арқа, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Өзбекстан жерін көп аралап, жыр айтқан. Терме, тақпақ, айтыс, толғау, тойбастар, мақтау, сынау сөздер айтуға шебер болған.
Облыстық Ардагерлер үйінің демалушыларына жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер таныстырылды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеттің «Дәстүрлі музыка» кафедрасының студенттері Дәулетхенұлы Ізбасқан, Бүркітбай Ақсұңқар және Жақсанов Жәнібек жыраудың терме-толғауларын орындады.
Кездесуде Тұрымбет жыраудан басқа да Сырдың жампоз жырауларының жыр-термелері орындалды. Ардагерлер үйінің тынығушылары өнерпаздарға алғыстарын білдірді.



20 қыркүйек 2018 ж. 578 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области