ҚЫЗЫЛОРДАДА «KILEM FEST – 2018» ЭТНОФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ
Бүгін Қызылордада Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен Қазақстан Қолөнершілер Одағы және облыстық шеберлер орталығының ұйымдастыруымен «Kilem Fest – 2018» этнофестивалі өтуде. Шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Фестивалге Қызылорда облысының қолөнер шеберлері, ардагерлер, қала тұрғындары қатысып, үлес қосуда.
Шараның мақсаты - халқымыз қастерлеген ұлттық өнеріміздің жас ұрпақтарға үлгі боларлық тәрбиелік маңызын айқындау. Содай-ақ, қолөнер шеберлерінің кәсібін дамыту болып табылады.