Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БИЫЛ 7900 -ДЕН АСТАМ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ШАҒЫН НЕСИЕ АЛДЫ

БИЫЛ 7900 -ДЕН АСТАМ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ШАҒЫН НЕСИЕ АЛДЫ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 2018 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың және республикалық бюджеттің атқарылуының нәтижелері, «Бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асыру барысы және жекешелендіру мәселелері қаралды.
Төртінші әлеуметтік бастама – микрокредиттеу жағдайын дамыту туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова баяндады.
Бұған дейін белгілі болғандай, биыл микрокредиттеуді қаржыландыру көлемі 20 млрд. теңгеге, оның ішінде қалаларда - 6 млрд, ауылдарда - 14 млрд. теңгеге ұлғайды. Қосымша бөлінген қаражатты ескере отырып, шағын несиелеуге жалпы сомасы 62 млрд. теңге болды.
Осылайша, Президент бастамасын жүзеге асыруда биыл шағын несиелеумен 14 мың адам қамтылады. Айта кету керек аталған несиелеу Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша жүзеге асып келеді.
«Елбасы айтып өткендей, шағын несиелеу әcіресе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыздардың табысын еселеуге аса маңызды. Микрокредит беру шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарынан  7 914 адам және жұмыссыз кәсіпкерлікпен айналысуға, өз қызметін заңдастыруға мүмкіндік алды. Жыл басынан бері 8 893 шағын несие берілсе, олардың 7 901-і ауылдарда, 992-сі қалаларда . Ауылдардағы шағын несие көлемі орташа есеппен ауылдарда 3,5 млн теңге, ал қалаларда 10,6 млн. теңгені құрады» -деді Мәдина Әбілқасымова.
Қорыта айтқанда, микрокредит алушылар үшін қосымша 8 250-ден астам жұмыс орны құрылды. Тұтастай алғанда микрокредиттер ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, көлік және қоймаларға, азық-түлік қызметтері, өндіріс, көтерме және бөлшек сауда және құрылыс салаларына бағытталды.
Өңірлерде осы бағытта қаражатты игеруде  Алматы қаласы (87%), Алматы облысы (72%), Батыс Қазақстан облысы (69%), Жамбыл облысы (66%) жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.
Бұған қоса, Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің санын көбейтудің тиімді шараларының бірі «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бизнес негіздеріне оқыту. Осы жылдың соңғы 9 айында 24,1 мың адам оқытылды немесе жылдық жоспардың 80,3%-ын құрайды,  олардың ішінен 13,4 қатысушы бизнес-жобаларын қорғап шықты, ал 4,1 адам микрокредит алды.
  Бағдарламаны практикалық іске асыруды ескере отырып, микрокредиттерді соңғы қарыз алушыларға жеткізуді жеделдету мақсатында Бағдарламаға өзгерістер әзірленді. Олар  -   ауылдық жерлерде якорлы кооперацияны дамыту үшін микрокредит мөлшерін ұлғайту, микрокредит алушыларға жұмыс орындарын құру бойынша қойылатын талаптарды жеңілдету, сонымен бірге якорлы кооперация қатысушыларын кепілдендіру бойынша норманы қосу, оларды салық органдарында тіркеу мерзімін үш жылдан астам уақытқа дейін ұзарту.

22 қазан 2018 ж. 348 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области