Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НЕСИЕ ЖЕЛІСІ АУЫЛ БИЗНЕСІН ДАМЫТАДЫ

НЕСИЕ ЖЕЛІСІ АУЫЛ БИЗНЕСІН ДАМЫТАДЫ


Ауыл халқының қаржылық қызметтер мен ресурстарға қолжетімділігін арттыруға, яғни ауылдық жерлерде бизнесті дамытуға «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на қарасты еншілес компаниялар қомақты үлес қосып келеді. Нақытарақ айтсақ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы облыстағы ауылдық елді мекендерде кәсіпкерліктің дамуы үшін жеңілдетілген несие беруде.
Елбасының тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда агросалада шағын шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру бастамасы үлкен басымдық алуда. Айта кетейік, бұл жұмыстар осыдан екі жыл бұрын басталды. Міне, осы кооперативтерге қолдау көрсетуде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ айрықша белсенділік танытуда.
Мысалы, өткен жылы аталған қаржы институты облыста жаңадан құрылған ұйымдарға 2,7 млрд теңгеден астам несие берсе, жалпы 2017 жылы филиал бойынша барлық бөлінген қаржы 4,3 млрд теңгеден асып түскен.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ аты айтып тұрғандай ауыл тұрғындары мен шағын ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің несие ресурстарына қолжетімділігін арттыру, шағын несие инфрақұрылымы мен кәсіпкерлікті дамыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқаттарын жақсарту мақсатында қызмет етеді.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – «ҚазАгро» xолдингінің еншілес компаниясы болып табылады. Ал бұл компания 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясындағы шағын несиелендіруге жауапты ұйым саналады.
Аталған құрылымның Қызылорда филиалы директорының орынбасары Байәділ Садиевтың айтуынша, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша өткен жылы аймақта филиал ауылдағы ағайынға 1,1 млрд теңге несие берген. Шарттары тиімді. Несиелеудің мерзімі – 6,5 жылға дейін, жылдық үстемесі 6%-тен аспайды.
Несиелеу мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін жеңілдетілген мерзім бекітіледі. Міне, осы несиелік қаржының арқасында кеше жұмыссыз жүрген, немесе өз-өзін жұмыспен қамтыған жүздеген ауыл тұрғындары шаруашылық ашуға немесе кеңейтуге, мал басын өсіруге мүмкіндік алды.
Бұған қоса, аталған қор 2017 жылы кәсібін өрістетемін деген жандарға ПРООН бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру арқылы 50 млн теңге, коммерциялық мақсатқа тартылған қаражат есебінен 110 млн теңге және «Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы – 2020» аясында 415 млн теңге несие берген.
Нақты кезеңде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» несие желісі «Ынтымақ», «Береке», «Игілік», «Ырыс», «Егінжай», «Кәсіпкер» атты несиелік бағдарламалардан құралды.
Мысалы, «Ырыс» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу және тауарлы сүт фермаларын құруға немесе дамытуға 85 млн теңгені 120 айға 6% жылдық сыйақы үстемемен алуға болады. Сондай-ақ, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ет тұқымды жас ірі қараның аналық мал басын сатып алуға 40 млн, ал ұсақ мал үшін 30 млн теңгеге дейін қаражатты 180 айға алуға болады. Бұл несиенің үстеме мөлшері 14% болғанымен оның 10%-і субсидияланады. Алайда, бұл бағдарламаның шарты бойынша тек қана шетелдік асыл тұқымды мал сатып алынуы керек.
Сервистік дайындау және қайта өңдеумен айналысатын кооперативтерге несие беретін «Ынтымақ» бағдарламасы бойынша да 50 млн теңгеге дейін алуға болады. Модульді сүт қабылдау немесе мал сою бекеттері, сондай-ақ рефрижераторлар, сүт немесе мал тасымалдау көліктері несиеге сатып алынатын болса, қарыз қаражатынан сатып алынған жабдықтар кепілдік ретінде қойылады.
Сонымен қатар, кооператив мемлекеттен сатып алынған жабдықтар бағасынан 50% және жиналған өнімге субсидия алады. Сол секілді «Егінжай» және «Кәсіпкер» бағдарламаларымен 6 млн теңге қаражатқа қол жеткізеді. Ең төменгі мөлшер «Игілік» бағдарламасына тиесілі. Ондағы несиенің жоғары көлемі 4 млн теңге. Осы аталған бағдарламалар бойынша өткен жылы және осы жылдың 6 айында облыс бойынша 1886 адам жалпы көлемі 5,8 млрд теңге несие алған. Мұнан бөлек биылғы жыл басынан бері «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 714,9 млн, ал «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 60 млн теңге игерілген.
Осыдан-ақ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы ауылдық елді мекендерде кәсіпкерліктің дамуына қомақты үлес қосып жатқанын байыптауға болады.
12 қыркүйек 2018 ж. 727 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области