Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЫР КЕРУЕНІ – ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

ЖЫР КЕРУЕНІ – ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басты мақсатының бірі – мәдени мұра құндылықтарын қайта жаңғырту. Осы тұрғыда, құнды құжатта көрсетілген басымдықты ауданда жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Жыр керуені» атты облыстық дәстүрлі әнші-жыршылар фестивалі сыр еліне танымал жыршы-жыраулардың басын Жаңақорғанда қосты.
Қызылорда қаласының 200 жылдығы мен Жаңақорған ауданының 90 жылдық мерейтойына орай қазақ даласындағы әнші-жыршылық дәстүрді ел ішінде кеңінен насихаттауды көздеген шараны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев ашты. Ол жыраулық өнердің ел тарихын жырлаудағы маңыздылығына тоқталып, аталмыш өнер фестивалінің халыққа берері мол екенін тілге тиек етті.
– Мыңжылдыққа ұласқан мақамды өнерді насихаттап жүрген әнші-жыршылардың мәдениет саласындағы орны бір төбе. Бүгінде дәстүрлі өнердің әлемдік өркениеттегі мәртебесін биіктету үшін оған қолдау қажет. Сондықтан, бүгінгідей шаралар оның дамуына мүмкіндік береді, – деді Мәжит Балқожаев.
Одан әрі Қазақстан Қызылорда телеарнасының «Жыр керуен», «Сыр сүлейін сұрасаң» атты мәдени-танымдық теле жобаның редақторы әрі жүргізушісі, жырау Марат Сүгірбай кеш тізгінін алып, фестивальға облыстың әрбір ауданынан келген өнерпаздарды таныстырды. Атап айтар болсақ, Қызылорда қаласынан Арнұр Көшеней, Шолпан Биімбетова, Руслан Ахметов, Майра Сәрсенбаева, Күнсұлу Түрікпен келсе, Шиелі ауданынан Нұртілек Ақтаев, Ақмарал Ноғайбаева, Ділназ Ташмұхаммед ат басын бұрды. Ал, Қармақшыдан Серік Жақсығұлов, Арай Оңғарқызы, Жалағаштан Берік Саймағамбетов, Арал ауданынан Серікқали Жұбаниязов қазыналы тойымыздың құрметін арттыру үшін арнайы келді. Сонымен қатар, Әбсұлтан Өтепбергенов пен Мұхтар Дәрібаев аудан абыройын асқақтатты.
Жас талантты дәстүрлі әнші, жыршы-жыраулардың есімін елге танытып, оларды халыққа таныстыру мақсатындағы кеште Сыр бойындағы белгілі Жиенбай, Нұртуған, Нартай мектебінің шығармашылығы қайта жаңғырды. Ұлттық өнерді ұлықтап, елмен қауыштырған салтанатты жиында тыңдармандар рухани тұрғыда байып, ұлттық өнермен сусындады.
Шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов қорытындылады:
– Қазақ дәстүрлі әнші-жыршылық өнерді қалыптастырып, оны өнердің биігі деп санайтын халық. Сырдың елі жырдың елі десек, дүйім жұрттың делебесін қоздырып, ұлттық рухани мұрамызды жаңғыртқан бүгінгі шара өте жақсы деңгейде өтті. Аталмыш шара аясында жыраулық дәстүр мен жыршы-жыраулардың шығармашылығын дәріптейтін «Жыр керуен» тележоба фестивалі осыған дейін «Қазақстан Қызылорда» телеарнасының тікелей қолдауымен он жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Бұл – дәстүрлі өнерімізді дәріптеудің бір көрінісі, – деп, фестивальге қатысқан өнерпаздарды марапаттады.
Дәстүрлі әнші-жыршылық – қазақ мәдениетінің күрделі тармағы. Осы орайда, қолға алынған бүгінгі шара жыраулықтың қадір-қасиетін арттырып, ұмыт қалған асыл қазыналарды қайта жаңғырту жолындағы өнегелі де ардақты шара екені анық.
24 қазан 2018 ж. 856 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области