ӘСЕРЛІ ӨТКЕН ӘН КЕШІ
Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат және Сырдария ауданы Айдарлы, Бесарық елді мекендерінде қазақтың әншілік өнерінің аманатын арқалап жүрген дәстүрлі орындаушы, облыстық филармонияның әншісі Бақдәулет Қарғабаевтың «Ән-Аманат» атты концерті өтті.
Өзінің қоңыр үнімен қалың тыңдарманның жүрегінен жол тапқан өнерпаздың концертінде сахна шымылдығы «Ел айырылған» халық күйімен түрілді. Асыл өнердің арқауын жалғаған әнші орындауындағы «Жайма қоңыр», «Ағайша», «Дүние-ай» сияқты халық әндері ауылдағы ағайынды бір серпілтті. Осылайша, дәстүрлі әнші саф өнерге сусаған жұрттың қошеметіне бөленді. Мұнан кейін кеш «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі орындаған «Гүл-гүл жайна», «Тау ішінде», «Балымша», «Самалтау», «Гүлдариға», «Өсиет», «Сәулем-ай» сынды шығармалармен жалғасын тапты.
Айта кетейік, аталған ән кеші «Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылды.