Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ


«Туған жерге туыңды тік» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.
Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкетану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет.
Осыған орай Қызылорда қаласының тарихи-өлкетану музейінің конференция залында "Тарихи сыры көп - Сыр өңірі" атты жас өлкетанушылардың ғылыми-танымдық конференциясы ұйымдастырылды.
Аталған шараға қаладағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, №3,101,42 мектеп-лицейінің оқушылары және №4,132 орта мектеп оқушылары қатысып, Сыр өлкесінің тарихына қатысты ғылыми баяндамалар оқыды.
Шара соңында баяндамашыларға облыстық тарихи-өлкетану музейі атынан сертификат табысталды.





26 қазан 2018 ж. 802 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области