Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАРИХТАҒЫ ҰЛЫ "ЕКІЛІКТЕР"

ТАРИХТАҒЫ ҰЛЫ "ЕКІЛІКТЕР"

Мектепте үздік оқымау сіздің болашақта танымал һәм атақты адам бола алмауыңыздың кепілі емес. Сабақ үлгерімі нашар болған, бірақ тарихта аты қалған ұлы адамдар өте көп. Солардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз.

Антон Павлович Чехов
Гимназияда Антон Павлович Чеховтың сабақ үлгерімі өте нашар болған екен. Бастауыш сыныпта география пәні мен математиканы нашар оқыған. Бесінші сыныпта грек тілінен екі алатын болған. Бірақ бұлар Чеховтың болашақта ұлы жазушы болуына еш кедергі келтірген жоқ.

Уинстон Черчилль Уинстон
Черчилльдің есте сақтау қабілеті жақсы болғанымен ол тек өзіне ұнайтын сабақтарды ғана сүйіп оқыған. Сондықтан оның жалпы сабақ үлгерімі жақсы болмаған. Бірақ бұлар Уинстонға 1953 жылы әдебиет саласы бойынша "Нобель" сыйлығын алуына кедергі келтірмеді.

Владимир Маяковский
Владимир Маяковскийдің мектепті тек бесінші сыныпқа дейін оқығанын бірі біліп, бірі білмейді. Ақын үшін гимназияда оқу іш пыстырарлық жұмыс болған. 5-сыныптан кейін ата-анасының оған төлейтін ақшасы жоқ болып және Владимирдің де ары қарай оқуға құлқы болмаған.

Томас Эдиссон
Әлемге әйгілі физик, өнертапқыш Томас Эдиссон мектепте 5-сыныпқа дейін ғана оқыған. Осы уақыт аралығында оқытушылар оның сабақ үлгеріміне қарап, ата-анасына Эдисон өте қабілетсіз бала деп, бұдан былай үйде оқытуына кеңес береді. Ары қарай Эдисонды анасы оқытқан.

Иосиф Бродский
Иосиф Бродский мектепті 7-сыныпқа дейін ғана оқыған. Алгебра, физика, химия, әлем тілдерінен 2 алатын болған. Тіпті Екінші Балтық училищесіне тапсырып түсе алмаған.

Александр Сергеевич
Пушкин Царское село лицейінде оқыған Пушкин сабақ үлгерімі нашарлар қатарында болған. Орыс және француз тілдерін жақсы білген ақын, математикадан қатты қиналған екен.


27 қазан 2018 ж. 577 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области