ОҚУШЫЛАР ЭКСКУРСИЯҒА ШЫҚТЫ
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастар мен жасөспірімдердің тарихқа зер салып, кітаптан оқып біліп жүрген тарихи-мәдени жерлерді өз көздерімен көріп тамашалауына мол мүмкіндік туды. Облыстағы «Рухани жаңғыру» орталығы мен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына «Өз жеріңді танып біл» атты бастамасы негізінде экскурсия өткізілді.
Еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризімін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған жаңа бастама бойынша қаламыздағы №15 мектеп-лицейі, №235 мектеп оқушылары аймақтың шығыс өңіріндегі қасиетті нысандар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштерге экскурсия жасады. «Сыр өңірінің киелі жерлеріне саяхат» атты тарихи-танымдық экскурсиясы мұнымен аяқталмақ емес. Мектеп оқушыларының демалыс күндерін тиімді пайдаланатын шара одан әрі жалғасын табатын болады.