Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЛАҒАШТЫҢ ЖАНАШЫРЫ

ЖАЛАҒАШТЫҢ ЖАНАШЫРЫ

Ерлермен иық тіресе жұмыс жасап, қайраттылық пен еңбекқорлығының арқасында өз кәсібін дөңгелентіп отырған іскер әйел Ақшагүл Махатова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық «Жомарт жүрек» байқауы бойынша Жалағаш ауданынан «Жыл тұлғасы» номинациясын иеленген болатын. Ол аудан халқын күнделікті тұрмысқа қажетті өніммен қамтамасыз етіп, сондай-ақ бүлдіршіндер тәрбиесіне атсалысуда.
Алғашқыда ауданда сатушы, есепші, экспедитор болып қызмет атқарған Ақшагүл Махатова жаппай қысқарту кезеңінде жұмыстан босап қалады. Қиын кезеңдерде еш мойымай тірлік қамын жасауға кіріскен ол аудан халқын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, өз кәсібін бастайды. Кәсіпкерлік саласында бір орында тоқтап қалуды құп көрмеген Ақшагүл Махатова уақыт өте келе май құю станцияларын ашуға еңбек ете бастады. Соның нәтижесінде аудан орталығынан «Бейбарыс», «Сұлтан» атты май құю станцияларын ашты. Осылайша аудандағы мектеп, балабақша, аурухана және басқа да мекемелерді сұйық отынмен қамтамасыз етіп, жылудың қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасауда. 2011 жылы мемлекеттен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы қаржылай көмек алып, аудан орталығынан «Жасұлан» және «Жасқанат» жеке балабақшаларын ашып ел игілігіне жұмыс жасауда.
Қостанай облысында дүниеге келіп, балалық шағы Тереңөзекте өткен ол қазіргі таңда Жалағаш аудандық мәслихатының депутаты.
Кәсіпкер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосумен бірге қайырымдылық жұмыстарына да белсенді түрде қатысады. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына және спорт саласының дамуына қомақты қаржы аударып, үнемі қамқорлық танытып жүр. Бүгінгі таңда Ақшагүл Махатова 150 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ «Туған жерге тағзым» акциясына үлес қосты.
Жергілікті жерде кәсіпкерліктің дамуына үлес қосып келе жатқан Ақшагүл Махатова 2007 жылы Елбасының Алғыс хатымен марапатталды. Аудан алғыс хаттарымен әр жыл сайын мадақталуда. Іскер нәзікжанның кәсіпкерлік саласындағы өмір жолы республикалық «Женщины» журналында жарияланып, басылымда «Ең үздік кәсіпкер» деп танылған.

01 қараша 2018 ж. 567 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области