Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 18 ПӘТЕРЛІК АЛТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 18 ПӘТЕРЛІК АЛТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Қызылорда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Қазалы ауданына барды. Онда 18 пәтерлік алты тұрғын үйдің құрылыс алаңында болып, инженерлік коммуникацияларды жүргізу бойынша атқарылған істер мен жаңа автопарк жұмысымен танысты.


Қазіргі таңда аудан орталығы Әйтеке би кентінде 18 пәтерлік алты үйдің құрылысы жүргізілуде.
Атап өтейік, ауданды дамытудың бас жоспарына сәйкес алдағы уақытта Әйтеке би кентін Қазалы қаласымен біріктіру жоспарлануда.
Қазіргі таңда табиғи газ, ауыз су және электр энергиясын жүргізу, сондай-ақ жалпы көлемі 500 гектар аумаққа жол салу құрылысы іске асырылуда.
Инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстары 2019 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Қазалы ауданында ағымдағы жылдың қазан айында "Сенім-Табиғат" ЖШС мен "Байқоңыр" ӘКК бірлесіп салған "Қазалы Керуен" көлік, сауда-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның сапаржайы сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсетеді. Нысанда автотұрақ, көлікке техникалық қызмет көрсету және сауда ойын-сауық орталығы қызмет атқарады.




02 қараша 2018 ж. 881 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области