Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ТӨРТІНШІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ» КІТАБЫНА ШОЛУ

«ТӨРТІНШІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ» КІТАБЫНА ШОЛУ

Адамзат баласы төртінші индустриялық революция заманына көшкелі бері компьютерлік технологиялардың да даму қарқыны арта түсті. Ал қазіргі уақыт деңгейінде компьютерлердің биік дәрежеге көтерілуі мен адам санасын алмастыратын роботтардың пайда болуы бәсекелестікті мүлде басқа бағытқа бастады.
«Рухани жаңғыру» кезеңінде де халықтан бірінші сұралатын міндеттемелердің бірі – бәсекеге қабілеттілік. Ал ғаламтор жаулаған, цифрлы қоғамда бәсекеге қабілетті азамат болу үшін, ең алдымен, жаңа сандық технологияларды еркін меңгерген азамат болуың шарт.
Біз мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты бойынша аударылған кітаптарға шама-шарқымызша шолу жасап келеміз. Бүгін де сол дәстүрлі қағида өз жолынан жаңылыспай, жалғасын таппақ.
Компьютерге күллі адамзат баласын мәжбүр еткен төртінші индустриялық революция заманының бағыт-бағдарын, мақсат-мүддесін, тарихы мен қазіргі ахуалын толық зерттеген ғалымдардың бірі – профессор Клаус Шваб. Ғалымның «Төртінші индустриялық революция» атты кітабы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты бойынша қазақ тіліне тәржімаланған.
Төртінші индустриялық революция дегеніміз не?
Жалпы адамзат тарихында индустриялық революцияның төрт кезеңі бар. Бұлардың барлығы жаңа технологиялардың жарыққа шығуымен немесе белгілі бір деңгейдегі даму белесін бағындыруымен есептеледі.
Алғашқы индустриялық революция – ХVIII ғасырдың ортасынан ХІХ ғасырдың ортасына дейін созылды. Бірінші индустриялық революция кезеңіндегі негізгі ашылулар қатарына темір жолдың салынуы мен ұлы механикалық өндірістің қайнар көзі болған бу машинасының жарыққа шығуын қосуға болады.
Екінші индустриялық революция кезеңі – ХІХ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың басына дейін жалғасты. Бұл кезеңнің басты жаңалығы – жалпыға ортақ үлкен өндірістердің бірізділікке қойылуы мен электр энергиясының пайда болуы, конвейердің таралуы.
Үшінші индустриялық революция кезеңі – жер бетінде компьютер өндірісі белең ала бастаған мезгілмен тұспа-тұс. Бұл уақыт 1960 жылдармен қатар келеді. Ғылымда осы уақыт аралығын копьютерлік (цифрлық) революция деп атап кеткен.
Міне, жоғарыда индустриялық революцияның үш кезеңі туралы ақпарат бердік. Олардың шығу тарихы немен байланысатыны туралы айттық.
Ал төртінші индустриялық революцияның басталар тұсы қазіргі уақытпен сәйкес келеді. Демек, біздің замандастарымыз, біздің буын төртінші индустриялық революция кезеңінің құрдастары. Аталмыш кезеңнің негізгі ерекшеліктері: ұшқыр ғаламтор және адам санасымен бәсекеге түсуге талпыныс жасап келе жатқан жасанды интеллект, ақылды электронды машиналар.
Клаус Шваб өзінің кітабының алғашқы тарауларында бүкіл әлемнің әлі күнге дейін төртінші индустриялық революция заманының деңгейіне жетпегенін айтады. Автордың айтуынша, күллі жер жүзіндегі халықтың жартысына жуығы әлі үшінші индустриялық революцияны күтіп отырғанын алға тартады. Ал ғалам халқының 17 пайызы, тіпті, екінші индустриялық революция дәрежесіне жетпеген.
Біз цифрлы дәуірді қалай түсінеміз?
Сандық дәуірдің уақыты келді дегенді әркім әрқалай түсінеді. Көпшілік санасында цифрлы заман бейнесі түрлі смартфондар, озық технология үлгісімен жасалған компьютерлер кейпінде өмір сүреді.
Рас, бұлардың барлығы осы төртінші индустриялық революцияның ассоциацияларына кіреді. Дегенмен, нағыз төртінші инджустриялық революцияның бейнесін моторсыз көліктер (Tesla), дизруптивтік платформалар (Airbnb, Alibaba, Uber), жүргізушіні қажет етпейтін автомобильдер (Google компаниясы 2010 жылы жария етті), адам күшін алмастыратын роботтар бере алады.
Әлемдегі технологиялық өндіріс деңгейі секунд санап өсуде. Бұл қарқынға ілесу үшін халықтың технологиялық білім деңгейі һәм осы үдеріске тұрмыстық жағдайда ілесу дәрежесі сәйкес болуы тиіс.
Қазақстанда дизруптивтік платформаларды қолдану деңгейі таяу арадағы екі жыл мерзімінде ғана қарқын ала бастады. Алып электронды сауда нүктелері тұрса да, базар аралайтын халық қарасы қалың. Таксиді көшеден қол көтеріп тоқтататын және ұшаққа немесе пойызға билет алу үшін қаланың арғы шетіндегі билет сататын нүктеге баруды дұрыс деп есептейтін адамдардың саны басым қоғамда.
Жаңалықтардың қолданысқа ену деңгейі
Әлемге белгілі брендті компаниялар өз өндіістерінің тиімділігі мен қарапайымдылығын көрсету үшін жарнаманың түр-түрін жасайды. Өмірлік қағидаларды жоддың шетіне ысырып тастайтын мегақолайлы дүниелерін жылдам тұрмыстық қолданысқа енгізуге тырысады.
Клаус Шваб: «Барлық жаңа жетістіктерге тән ортақ ерекшелік мынадай: олар қандай салаға болмасын тереңдей еніп жатқан цифрлық және ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланады. Бұл тарауда келтірілетін инновациялардың барлығы – компьюетрленген есептеу қуатының арқасында қамтамасыз етіліп, жетілдірілген технологиялар. Мысалы, гендік дәйектілік «sequencing» тек қана есептеу қуаты мен мағлұматтарды саралау нәтижесінде ғана жүзеге асты. Сол сияқты келешек өрісті жұмыстардың барлығы жасанды интеллектсіз алға баса алмайды, ал ол көп жағдайда компьюетрленген есептеу қуатына байланысты. Төртінші инновациялық революцияның мегатрендтерін анықтап, технологиялық драйыерлердің ауқымын кеңірек ашып көрсету үшін бұл трендтерді: физикалық, цифрлық және биологиялық деп үшке бөлдім. Олар іштей бір-бірімен тығыз байланыста. Бқл орайда әртүрлі технологиялар өнертапқыштық пен әрқайсысының іштей дамуының негізінде бір-бірінің артықшылықтарын алмаса пайдаланып отырады», - дейді кітабында.
Демек, осы мегатрендтердің қалпын өзгертіп, тиімділігін арттыру үшін үш бағытта жұмыс жасамақ керек.
Физикалық бағыттағы 3D басып шығару мен роботтарды қолдану, жаңа материалдарды қолданысқа енгізу, бейімделгіштік деңгейін арттыру қажет. Өндірістегі «роботтар тек алып өндірістерде жұмыс жасайды. Мысалы, автозауыттарда» деген кереғар пікірлерді теріске шығарып, саналы «темір адамдарды» барлық салада қолдану мүмкін екендігін түсіндіру шарт.
Цифрлық бағыттың мақсаты түсінікті болар. Әрине, компьюетрлік есептеу қуатын пайдалана отырып, қажетті ақпараттар мен қызметтерді тиімді пайдалану осы бағытты ңеншісінде.
Ал биологиялық бағыттың басты артықшылығы – гендік дәйектілікті анықтау. Генетиканы түбегейлі зерттеу нәтижесінде созылмалы аурулар мен обырдың емдеу жолдарын ашу және синтетикалық юиологияны дамыту – бұл бағыттың алға қойған мақсаты.
4D басып шығару технологиясы қандай қызметтерге қауқарлы?
Биологиялық инженерия да күн өткен сайын компьюетрленген есептеу қуатының қарқынына еріп дамып келе жатыр. Қазіргі таңда өсімдіктер мен жануарлардың, тіпті, адам денесінің кейбір мүшелерін 4D басып шығару қызметі арқылы көшіріп алып, тірі талшықтар жасауды қолға алуда.
Адам ауруларының басым бөлігі генетикалық тарихына қатысты болатыны жүздеген жыл бұрын анықталған. Дегенмен, адам генетикасын түбегейлі зерттеуді бірнеше минут ішінде жүзеге асыру бүгінге дейін мүмкін емес еді. Қазір осы қызметті компьюетрлік сараптама жасау арқылы тез арада жасауға болады.
Биологиялық инженерияның дамығаны сонша, түрлі ауа-райына тез бейімделетін өсімдіктер өсіруді, адам қанының тез ұюын реттейтін сүт беретін сиырларды дүниеге әкелуі адамзатты таң-тамаша етпей қоймайды.
2025 жылдан не күтеміз?
Халықаралық сарапшылар қызметі зерттеушілері сауалнама жүргізу арқылы 2025 жылға дейін орын алуы мүмкін өзгерістер тізімін жасаған. Бұл өзгерістер төмендегі кесетде бейнеленген.

Ғалымдардың айтуынша, 2030 жылға қарай биологиялық инженерияның даму қарқынына сәйкес Жер бетіндегі халық саны 9 миллиардқа жетуі мүмкін. Экономикасы озық елдердегі қартаю үдерісі бәсеңдеп, орташа өмір сүру жасы 100 жасқа дейін жетуі күтіледі.
Әлем цифрланған уақыта біздің ел де бұл ұлы бетбұрыстан тысқары қалмау керек. Тұрмыстық жағдайға қолайлы мүмкіндіктерді енгізу мен жастардың технологиялық білімі, әлемдік өндірістегі жаңалықтан хабардар болуы бұл орайда үлкен рөл ойнайды.
Елбасының жастарға білім беру бағытында техникалық мамандықтарға ерекше көңіл бөліп, жағдай жасауының да себебі – осы.
Әлем халқы төртінші индустриялық революцияға кірісіп кеткен уақытта әлі күнге дейін екінші немесе үшінші индустриялық революцияны күтіп отырған елдер қатарында қалып қою – дамудың белгісі емес.




05 қараша 2018 ж. 3 438 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области