ЖАСТАР ТЕАТРЫ ҚАЗАЛЫДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Қызылорда қалалық жастар театры Қазалы ауданынның халқына «Неге?» атты қойылымын тарту етті.
Қоғамға салған салмағы қашанда ауыр, біз өмір сүріп жүрген кезеңге тұспа-тұс келген діни радиакалды және терорлық ұйым өкілдерінің саясаты сананы улауын удетуде. Ел болып, халық болып қайғырған қасиетті әрекеттен аман құтылудың бір ғана жолы дұрыс таңдау жасау.
Қойылым да осы мәселе көтеріледі. Қызылорда қалалық жастар театрының «Неге?» драмалық қойылымы көрерменге жөнді жол сілтеуді мақсат тұтты. Олардың арбауынан қалай құтылу керек екенін сахналық шешім арқылы көрермен назарына ұсынды.
Драмада Байділда Айдарбеков шығармасының желісі бойынша дін экстремизмнің құрбанына айнала жаздаған қыздың әрекеті бейнеленеді. «Тас түскен жеріне ауыр» демекші, әкесінен айырылған Нұргүл есімді қыздың тағдырын жаман ниетті адамдар ойыншық етеді. «Үйіңді сат» деп мазасын алған олар Нұргүлдің мемлекеттік сынақтан да құлатып, аурушаң анасының көзін құртпақ болып, махаббаты Мұрат екеуінің арасына от салады. Бетін тұмшалап, өзін жақсы адам ретінде көрсеткен хиджаптағы Жаңылдың құйтырқы әрекетін ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері көмегімен әшкерелейді. Қойылымның режиссері «Жастар» театрының әртісі Әл-Мұхаммед Алдажаров.