Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫР БОЙЫНДА САХНАЛАНҒАН ҚОЙЫЛЫМ ТЕРІС АҒЫМДАРҒА ЕРУДІҢ АЛДЫН АЛУДЫ КӨЗДЕЙДІ

СЫР БОЙЫНДА САХНАЛАНҒАН ҚОЙЫЛЫМ ТЕРІС АҒЫМДАРҒА ЕРУДІҢ АЛДЫН АЛУДЫ КӨЗДЕЙДІ

Сыр елінде 2 жыл бұрын шымылдығы түрілген жастар театры көпшіліктің көңілінен шығып, көрермен көзайымына айналып үлгерді.
  Мамандықтары әртістіктен алшақ болса да драматургияның тереңіне бойлауға ынталы топтан құралған өнер ұжымы гастрольдік сапарларға шығып жүр. Сыр елінің сахнагерлері Оңтүстік Қазақстан облысының өнерсүйер қауымына мән-маңызы терең қойылымдар ұсынып, рухани тұрғыда сусындатты.
  Қызылордалық жастар театры Шымкентте «Қыз қасқыр» қойылымын сахналады. Жазушы Шерхан Мұртазаның әңгімесі желісі бойынша жазылған қасіретнамада аң екеш аңның жүрек елжіретер қасиеттері арқылы адалдық пен адамдық паш етілген. Трагедиялық спектакльдің өзегі – ардан аттамаған қыз тағдыры. Қасқырлар ортасында қалған оның өмірі қиянатқа қарсы тағылық тартыспен бірге өріліп, сонысымен көрерменді баурай түсті. Шаранасынан шыққан баласын өзектен тепкен әйел мен қанша жыртқыш десе де шақалақты өгейсінбей бауырына басқан құртқа қасқырдың әрекеті адам пенделігінің әшкере әлемі әсерлі суреттеп берді. Бейнелі тұңғиыққа терең сүңги білген жас әуесқой сахнагерлер берілген образды шебер сомдап, қоғам  мәселесін тереңнен қозғай білді.
  Оңталап Нұрмаханов, жастар театрының режиссері:
- Бүгінгі заманда адамдар балаларын қоқысқа тастап кетіп жатса, қасқырлар ондай жасамайтындығын, негізгі түп-тегіміз көк бөрі бауырынан жаралған халық болғандықтан сол руханиятты дәріптеу. Бүгінгі болып жатқан адам бойындағы кемшілік-қателіктерді аршып, айқайлап айтатын спектакль.
  Оңтүстік өңірден оралысымен жастар театры Бәйділдә Айдарбековтың «Неге?» драмасының тұсауын Сыр сахнасында кесті. Пьеса желісінде қазіргі қоғам келеңсіздіктері бейнелі жеткізілген. Арман қуған жастардың басым көпшілігінің алдынан көлденең тартылатын кедергілер жайлы сахнагерлер шебер сипаттай білді.
Назерке Қали, театр актрисасы:
  - Бұл спектакльдің негізгі халыққа берері көп. Қазіргі қоғамдағы ең бір өзекті мәселелер ол нашақорлық, терроризм осы тақырыптар қозғалады. Және де бұл спектакльді көрген әрбір жас жеткіншек көп нәрсені түйе алады деп ойлаймын.
Әлмұхамед Алдажаров, театр режиссері:
  - Қойылымның негізгі мақсаты өзекті мәселенің бірі діни-радикалды ұйымдардың қоғамда белең алуы. Соған қарай жасөспірім, мектеп оқушыларының радикалды ұйымдар жетегіне еру белең алуда. Осының алдын алу мақсатында осы қойылымды шығаруға себеп болып отыр. Бұл режиссерлық жұмысымның ең біріншісі деп айтуға болады.
20 дарынды жастан құралған труппа салиқалы, дидактикалық сарындағы спектакльдер қатарын көбейтуді жоспарлап отыр.





21 мамыр 2018 ж. 528 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области