Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Фируза Шәріпова «Жыл адамы» атануы мүмкін

Фируза Шәріпова «Жыл адамы» атануы мүмкін

Екі салмақ санатында бірнеше чемпиондық белбеудің иесі, қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова «Жыл спортшысы» аталымында жеңіске жетіп, «Алтын Адам - Жыл адамы» сыйлығының лауреаты болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салтанатты марапаттау рәсімі 20 қараша күні 18:30-да Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында болады. Жыл сайынғы салтанатты шара осымен 19-шы рет өткізіліп отыр. Ал жеңімпаздарға жобаның бас жүлдесі - «Алтын Адам» мүсіншесі, «Қоғамдық мойындау» және «№1 Жыл таңдауы» құрметті медальдары беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін «Жыл спортшысы» аталымында боксшы Қанат Ислам, Олимпиада ойындарында жүзуден алтын медаль алған тұңғыш қазақстандық Дмитрий Баландин, WBC, WBA, IBF, IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин, ауыр атлет, үш салмақ санатында төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин сияқты спортшылар жеңіске жеткен
.
Марапаттау рәсімінде лауреаттар, соның ішінде Зарина Алтынбаева, «Тұран» тобы, Ілияс Аутов және Motor-Roller тобы, Қуат Бағысбеков, Ирэна Аравина мен Евгений Жұманов, Дениза Мустафиналар өнер көрсетеді.


11 қараша 2018 ж. 520 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области