Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мақсат – табыс пен тұрмыс сапасын арттыру

Мақсат – табыс пен тұрмыс сапасын арттыру

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында белгіленген маңызды бағыттардың барлығы заман талабына сай, елді дамытуға жасалған нақты қадамдар.
Әсіресе, бізді Елбасының халық табысының өсуі жайында айтқан сөзі қызықтырды. Мұнда нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін күшейтіп, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігі айтылған. Мәселен, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілетіні, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, табысты болуына тағы да бір серпін берді. Келесі жылдан бастап, төменгі еңбекақыны бір жарым есеге көбейту көзделуде. Сөйтіп, барлық салада, меншік түріндегі кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысы ұлғаятын болады. Мұндағы мақсат – адамдардың қолайлы өмір сүруіне тікелей жағдай жасау. Сондай-ақ, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысы 35 пайызға өседі. Мемлекет басшысы Жолдауда инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн деп атап өтті.

Өзге елдердің экономикасына үлес қоспай, өз өнімімізді тұтыну қажет. Сондай-ақ, бизнесті шетел инвестициясымен, капиталға қолжетімділікпен қамтамасыз етуде «Астана» халықаралық қаржы орталығы маңызды рөл атқаруға тиіс. Мұндай орталықты барлық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар белсенді пайдаланып, оның тез қалыптасуына және дамуына атсалысар еді. Экономиканы дамыту және қаржы секторының рөлін күшейту үшін шағын және орта бизнесті де қарқынды дамыту керек. Әр елді мекендер мен аймақтарда шағын цехтар мен кәсіпорындар көптеп ашылса, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар қосымша әлеуметтік қолдауға қол жеткізер еді. Осы істерді жүзеге асырсақ, елімізді одан әрі дамыта түсеміз деген үміттеміз.

Маратжан АСҚАРБЕКҰЛЫ,
Шиелі аудандық қаржы бөлімінің басшысы.
13 қараша 2018 ж. 574 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области