Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында 120 мың адам диктант жазды

Қызылорда облысында 120 мың адам диктант жазды

Бүгін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің бастамасымен республикалық «Жалпыхалықтық диктант» ұйымдастырылды.

Бұл шара латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау және жаңа әліпбиге бейімделуді мақсат етті.
Республика көлемінде ұйымдыстырылған шараны Сыр өңірінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып, облыстық және қалалық әкімдіктерде, облыстық ішкі істер департаментінде, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде және аудандарда өткізілді. Диктант бір күнде, бір мезетте, яғни 14 қараша сағат 11.00- де аудиожазбаны тыңдау арқылы жазылды. Латын қаріпімен жазылған диктанттың тақырыбы «Рухани жаңғыру».
Еліміз бойынша бұл шараға 1 530 000 адам қатысады деп жоспарланса, Қызылорда облысы бойынша диктантты 120 000 адам жазды.
Диктант қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерді арнайы құрылған жұмыс тобы анықтайды.

14 қараша 2018 ж. 555 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области