Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Халықаралық ғарыш стансасына - 20 жыл

Халықаралық ғарыш стансасына - 20 жыл


Осыдан 20 жыл бұрын, 1998 жылғы 20 қарашада Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бірінші модулі - функционалдық жүк блогымен «Протон» зымыран-тасығышы ұшырылды. ХҒС құрылысы дәл сол күннен басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
ХҒС басқарылатын режимдегі жұмысын 2000 жылғы 2 қарашада бастады. Сол күні «Союз ТМ-31» ғарыш кемесі «Звезда» қызметтік модулімен түйісті. ХҒС-1 экипажының құрамында ресейлік ғарышкерлер Юрий Гидзенко мен Сергей Крикалев және америкалық ғарышкер Уильям Шеперд болды.

Ғарышты игеру тарихындағы аса маңызды халықаралық жобаның 20 жылдығына орай, бүгін Мәскеуде «Ғарышкерлік (Космонавтика): халықаралық ынтымақтастық пен дамудың ашық кеңістігі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады. Оған ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағамбетовтің басшылығында Қазғарыш делегациясы қатысып жатыр.
Шара барысында РФ Президенті Владимир Путиннің құттықтау хатын «Роскосмос» МК бас директоры Дмитрий Рогозин оқып берді, деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.
«Бүгінге дейін ХҒС-та 18 мемлекеттің өкілдері ғарыштанудың, әлемдік экономиканың, ғылым мен медицинаның дамуына аса маңызды зерттеулер жүргізді. Осынау жаһандық ғарыш жобасы саяси қайшылықтарға, экономикалық қиындықтарға, әлеуметтік өзгерістерге қарамастан, тиімді әрі ұйымшылдықпен ете алатынымызды, ымыраға келе отырып, кедергілерді жеңе алатынымызды дәлелдеді», - делінген жеделхатта.





20 қараша 2018 ж. 502 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области