АРАЛ БАЛЫҒЫ АЛЫСҚА ЖОЛ ТАРТТЫ
Экологиялық сауықтыру шаралары тұрғысынан биыл облыстық бюджеттен бөлінген 2,5 млн теңгеге Арал ауданы Ақирек ауылдық округіндегі «Қайролла», «Приарал», «Бекназар», «Бекбауыл» және «Көне Меңдібай» каналдарының техникалық құжаттары жасалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.
Сонымен қатар, суармалы жерлердегі су шаруашылығы нысандарын әзірлеудің 2 кезеңіне бөлінген 19069,0 мың теңгені игеру мақсатында тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыстар атқарылып жатыр.
Соңғы жылдары ауданда балық шаруашылығы өркендеп, аймақ экономикасының дамуына үлес қосып келеді. Балықшылардың слеттері ұйымдастырылып, осы бағытта қолға алынған бастамалар өз жемісін беруде.
Жыл басынан бері 3370 тонна балық ауланып, оның 2286 тоннасы өңделді. Өнделген балықтар алыс жақын шетелдерге, бірқатар Еуропа елдеріне экспортталды.