АРАБ ӘМІРЛІГІ МЕН ИРАН МЕМЛЕКЕТІНЕ МАЛ ЭКСПОРТТАУ БАСТАЛДЫ
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру және ветеринария жүйесін жетілдіру қазіргі күні Елбасы белгілеген міндеттердің бірі. Облыс аумағындағы сала дамытуда осы талаптартарға баса мән беріледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов хабарлады.
Бүгінде облысқа аусыл ауруы бойынша вакцина қолданатын таза аймақ мәртебесі беріліп, буферлік аймақтан алынды. Бұл бізге халықаралық сауда кеңістігін кеңейтуге зор мүмкіндік береді.
Биыл облыстан 10000 бас ұсақ мал экспорттау жоспарланса, қазіргі кезде Біріккен Араб Әмірлігі мен Иран Ислам мемлекетіне 1944 бас ұсақ мал жіберілді.