Кітап көрмесі – Тұрғыш Президент күніне арналды
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген Елбасы» атты кітап көрмесіңің ашылуы ұйымдастырылды.
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы.
Көрмеге «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы», «Елмен сырласу», «Ой бөлістім халқыммен», «Тәуелсіздік дәуірі» сынды Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы жүріп өткен жолы, жетістіктері жайлы еңбектерімен қатар, Тұңғыш Президент туралы М.Қасымбековтың «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», Б.Сапаралының «Тұңғыш Президенттің балалық шағы», А.Гафоровтың «Еліне елеулі Елбасы: Н.Назарбаев – саясат майданының қайраткері», А.Сәулебектің «Елбасының алтын бесігі» кітаптарымен «Көш бастаған Елбасы» атты фотоальбомы т.б Қазақстанның дамуы қойылды. Жастар Елбасының балалық шағынан бастап, бүгінгі ерен еңбектері турасында жан-жақты қамтылған кітаптармен танысты.
Кітап көрмесіне Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Бақытжан Ахметбек және М.Мәметова атындағы жоғары гуманитарлық колледжінің қазақ тілі және әдебиет оқытушысы Мөлдір Меңдібаевалар Елбасы жайлы тарихи ақпарат беріп, қатысушы студенттер өлең оқыды.