Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі»

«Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі»

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде аймақтағы жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым жетекшілеріне арналған «Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға облыстық «Сыр дидары» газетінің редакторы Сәкен Алдашбаев, «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Гүлсара Әбдіхалықова, «Ыбырайым молда» мешітінің бас имамы Талғат Нұрман және орталықтың теолог мамандары қатысты.
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында мемлекетіміздің ұстанымындағы дін саласындағы саясатын жүзеге асыру және қоғамдық пікірді тыңдау арқылы деструктивті діни ағымдардың алдын алуда жаңа тәсілдерге қол жеткізуді жүзеге асыру міндеттелген. Осы мақсатты көздеген жиын барысында баяндамашылар зайырлылық мәні жайлы ой қозғап, көпшілікке дінаралық қағидаттарға қатысты пікірлерін білдірді.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар тарапынан да тақырыпқа қатысты ойлар айтылып, мемлекеттің ынтымағы мен бейбітшілігін одан әрі нығайту бағытындағы жұмыстар сараланды.
13 желтоқсан 2018 ж. 474 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области