Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Зияткерлердің ғылыми еңбектері архив құжаттары аңықтамалығына енді

Зияткерлердің ғылыми еңбектері архив құжаттары аңықтамалығына енді

Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тоғыз оқушысы Қызылорда облысы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен өткен жас тарихшылар байқауында ерекшеленіп, жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеясы аясында Қызылорда облысы мемлекеттік архивінің 90 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Заман бейнесі - архив құжаттарында» тақырыбында ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Байқауда архив қорындағы құнды материалдар мен деректерді, сирек кездесетін қолжазбалар қорын пайдалана отырып, белгілі бір тақырыптар аясында Қызылорда облысының тарихын зерттеп жүрген 22 жас тарихшы өзара сайысқа түсті. Назарбаев Зияткерлік мектебінен ғылыми жобалар сайысына 11 оқушы өз жұмыстарын ұсынып, нәтижесінде 9-сынып оқушысы Өмірзақова Нұрай «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қызылорда облысы» тақырыбындағығылыми жобасымен 1 орынды, ал 9-сынып оқушысы Жангерей Зинелов «Еңбегімен елге танылған ерлер» тақырыбындағы жұмысымен 3 орынды жеңіп алды.
«Ғылыми жобамен айналысу барысында осы кезге дейін мемлекеттік органдары тарапынан өте құпия болған құнды деректерді зерттеуге мүмкіндік алдым және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қызылорда облысының экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік жағдайы туралы бұған дейін белгісіз болған статистикалық мәліметтерді жинақтадым, әрі оны ғылыми ортаға таныстырдым», - дейді байқау жеңімпазы Нұрай Өмірзақова.
Жоба қорғау барысында архив деректерін іріктеу сауаттылығымен, ғылыми академиялық тілде жобаны жаза білетін, сондай-ақ шешендік қабілеттерімен де ерекшеленген жеті зияткер оқушы «Болашақ тарихшы», «Мазмұнды баяндама», «Ұшқыр ойлы қалам», «Ынталы зерттеуші», «Үздік ғылыми жоба», «Жаңашыл ізденімпаз», «Зерделі жұмыс» секілді номинациялармен марапатталды.
«Байқау қорытындысы бойынша оқушылардың ғылыми жобаларының маңыздылығы жоғары деп бағаланып, Қазақстанның мемлекеттік архивінің кезекті аңықтамалық жинағына енді», - дейді Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Нұркен Әбдіжәлиев.
Сыр өңірі тарихының сыры мен ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан танымал тұлғалар өмірінің құпияларын зерттеген жас жеткіншектер ұйымдастырушылардың дайындаған Дипломдарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.



13 желтоқсан 2018 ж. 636 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области